ойын сауық отауы
Қымыз бен піспек
13.04.2016 1 931 0 Дауыл

Қымыз бен піспек

Өлеңдер
Мұхтар Шаханов

Қымыз бен піспек
(Зейнолла Қабдоловқа)

Кел, ағатай, сырласалық, ойласалық аз уақыт
Шабыт отын жаққандардың бірі сенсің маздатып.
Ара - тұра намысыңның желмаясын боздатып,
Ойларыңды ұлы Әуезов ойларына қоздатып,
Тірлігіңе және содан тапқан жоқсың аз бақыт.
Қай кезде де айтылады батырға өкпе, досқа наз,
Ұлы қарты жоқ ұлттар - боп жүргендер босқа мәз
Ұстарасын жаландатпай сәл бөгелсін шаштараз...
Бұл қазақта ақ сақалдар жеткілікті болғанмен
Сол сақалды ту биікте ұстап жүрер бастар аз.
Бүгін міне, байтақ өлке нарық атты күйге енді,
Бақыт келіп дарынға емес қалталыға сүйкенді,
Сол сәтінде ол басқа биік қалталыдан сый көрді.
Аласа мен асқақ рух шекарасы жойылып
Майлы қасық ұстағандар қалам ұстап үйренді.
Ұлы мінез жинақтаған біздің ұлы даланы
Жан жағынан пендешілік дерті қоршап қамады.
Қайда оның ұрандары, қырандары саналы?
Табанының бедері жоқ "мықтылар" тым көбейді
Жағымпазға тоқтау айтар сақал қалмай барады.
Әдебиет деген сөздің әдеп, ұят - түбірі
Алыс кетті әдепсіздің, ұятсыздың дүбірі.
Бар кезенде ғасыр мұзы ұятпенен жібіді.
Ұятты қарт ел піспегі - ұлт қымыз болса егер
Елестету қандай ауыр піспегі жоқ күбіні.
Кел, сыйлы ұстаз, сырласалық мына туған күніңде,
Әуезовтің шәкірті едің, бізге ағасың бүгінде.
Жетпіс таудан асқаннан соң жеңілдемес жүгің де.
Ел ағасы болу азап.
Әр қимылың есепте
Әр асығыс сөзіңнің де сұрауы бар түбінде...
Сәмбі талдар аз ба, сірә, жел ығына майысқан
Ұлт риза болсын десең, бәйтерегім, бүгілме!

Шаштараз бен кісінің әңгімесі Шаштараз бен кісінің әңгімесі
Бірде бір кісі шаштаразға келеді. Шашын қысқартып отырып шаштаразбен әңгімелесе бастайды. Шаштараз: - Не десеңіз де, мен Алланың барына сенбеймін, –
Туған жерге Туған жерге
Күнім сенсің, тас төбемде тұрса түн, Анам сенсің, жолдан тайсам, ұрсатын. Саған қарай ұлып келем, туған жер, Көктем жаққа құстар солай ұшатын.
Халық Халық
Әлқиссаның әжесі - "Әліппеден" Ә дегеннен ғибрат алып келем. Ұлттар үшін Жүз томдық жыр сездігі Ұлы сөзден басталар ХАЛЫҚ деген.
Бақыт геометриясы Бақыт геометриясы
"БАҚЫТ деген немене бұл, немене екен, немене, Мен шықпаған заңғар шың ба, мен мінбеген кеме ме?" Бәлкім Бақыт байлық па екен сараңдықтан бас алған,
Рух мектебіндегі мұң Рух мектебіндегі мұң
Асқақ ұстап жастық туын, Алпыс таудан астық бүгін. Алла білер, алдымызда енді қанша қалды тау, Барлық батыл ойларыңның алды — күрес, арты - дау.
Тойдағы ата - ананың тілегі Тойдағы ата - ананың тілегі
Қос бұлақ еді, бір өзенде қосылды, Сол шаттықтан көңіліміз тасынды. Бүгін, міне, біздің перзенттерге де Жаңа өмірдің бақ есігі ашылды. Жастық шақтан
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×