ойын сауық отауы
Мұрын жайлы әзіл
12.04.2016 1 996 0 Дауыл

Мұрын жайлы әзіл

Өлеңдер
Мұхтар Шаханов

Мұрын жайлы әзіл

"Перзент болу оңай ма толыққанды,
Зерттеп өс, - деп, - айдарлы алыптарды"
Мені башқұрт жыршысы Мұстай Кәрім
Расул Ғамзатовқа алып барды.

Таулыққа тән асау ой қанатында
Жайсаң, күліп қоштасты дара тұлға.
Үш жылдан соң Ғарышкер Севастьянов
Таныстырды қайтадан мені ақынға.

Расул айтты: "Кез келген жас талапты
Балау қиын қыранға қос қанатты.
Інім, сенің жырыңды оқығам жоқ,
Бірақ бұзау мұрының есте қапты.

Өзгешелік — табиғат тірегі екен,
Өзгешеге ойлы жан күле ме екен?
Өнерде де бөгде жұрт шатастырмас
Өз мұрының болсын деп тілек етем".

Тыңдағым кеп ғасырдың арайлы әнін,
Арай шашқан тауларды маңайладым.
Ғамзатовтың өзіне қарадым да:
"Гәп мұрында жатыр ма",- деп ойладым.

Өтті жылдар,
Кеңейді өрісім де.
Бар, әрине, жеңіліс,
Жеңісім де.
Тілектесім көбейді ел ішінде,
Біреулер жүр келе алмай келісімге,
Өлеңімнің мұрынын бұзғысы кеп,
Жұдырығын жасырып жең ішінде.
Даралыққа не жетсін көңілдегі...
Бақытты жан мен болам төріндегі.
Өлеңде де ешкімге ұқсамайтын
Мұрынымнан танысаң, елім, мені!

Жетістіктің жүз қадамы: 33 - қадам: өзіңізбен бір кіші блокнот алып жүріңіз Жетістіктің жүз қадамы: 33 - қадам: өзіңізбен бір
Ойыңызға келген идеяларды блокнотыңызға жазып қоюды әдетке айналдырыңыз. Күнделікті өмірде біздің ойымызға небір түрлі ойлар келеді. Оның ішінде
Сүйіпсің мені... Сүйіпсің мені...
Сүйіпсің мені, Мен,- дедім,- неткен бақытты ер, Арнапсың жаухар жырыңды "маржан - жақұт", дер. Өмірімді ойран еткен опасыз бір жан бар, Көңілімді
Әмиян тауып алған кедей жайлы Әмиян тауып алған кедей жайлы
Сіңірі шыққан кедей жігіт жолда келе жатып әмиян тауып алыпты. Ашып қараса әмиянның ішінде бір алтын теңге бар екен. Жігіт қуанып кетіпті де:
Министр мен аула тазалаушы (әзіл әңгіме) Министр мен аула тазалаушы (әзіл әңгіме)
Министр әйелі екеуі келе жатып, әйелі бір аула тазалаушымен басын изеп сәлемдесті.
Өкпелетті дей алман өмір мені Өкпелетті дей алман өмір мені
Өкпелетті дей алман өмір мені, Кейбір ойым ұшқанда көңілдегі. Салауат боп, сал денем жеңілдеді. Қуантты да дей алман өмір мені,
Ақын ініме Ақын ініме
Азырақ құлағын сал, ақын інім, Ойымыз, рухымыз жақын, інім. «Ағалық правосын қолыма алып, Келемін айтайын»,— деп ақыл, інім!
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×