ойын сауық отауы
Өкпелетті дей алман өмір мені
15.05.2016 2 961 0 Дауыл

Өкпелетті дей алман өмір мені

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Өкпелетті дей алман өмір мені,
Кейбір ойым ұшқанда көңілдегі.
Салауат боп, сал денем жеңілдеді.
Қуантты да дей алман өмір мені,
Кезбе бұлттай кей ойлар көгімдегі
Нөсерлетіп, қайтейін, төгілмеді.
Өкпелетті дей алман өмір мені,
Барды - жоқты бөлістім елімдегі,
Соны көрдім, көрсе егер, елім нені...
Қуантты да дей алман өмір мені,
Көп несібем құныға желінбеді,
Жалтақ - бақыт жалт етіп көрінбеді.

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Ленский сөзінен Ленский сөзінен
Барасың қайда, қайда болмай маған, Жас өмір алтын - күміс жарқылдаған. Келер күн келеді екен не дайындап, Қараңғы, қарағанмен болжай алман?
Халқым барда Халқым барда
Шыныменен дос жоқ - ау дос жоқ менде. Сонда қалай, өмірім босқа өткен бе?! Осылай бір байламға келдім бүгін, Қарадым да сүйіскен қос кептерге.
Отыз бесінші көктемім Отыз бесінші көктемім
35 жыл. Уақыт қой көп - көрім. 35 жыл қуарып, 35 жыл көктедім. 35 күз, 35 қыс, 35 жас, Осал өмір емес қой отыз бес жас...
Көңілде ән, көгімдегі Күн көруші ем Көңілде ән, көгімдегі Күн көруші ем
Көңілде ән, көгімдегі Күн көруші ем, Барғанда маған ылғи гүл беруші ең. Жалт етіп жай отындай көкжиектен Әттең - ай, маған енді бір көрінсең!
Жасасаң қайыр, қарыз... Жасасаң қайыр, қарыз...
Жасасаң қайыр, қарыз деп айтпа, жарқыным! Қарыз ғып берсең, қажет те емес алтының. Өгіз боп саған, өткерер менің жайым жоқ. Өмірдің қалған тамтығын.
Адалмын деп, араммын деп айта алман Адалмын деп, араммын деп айта алман
Адалмын деп, араммын деп айта алман, Адалдықпен бірге ойладым, бір күлдім. Арамдықтын, кемесінде шайқалған, Тектек болған тайыншадай ділгірдім.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×