ойын сауық отауы
Махаббаттың жазылмаған заңы
12.04.2016 3 373 0 Дауыл

Махаббаттың жазылмаған заңы

Өлеңдер
Мұхтар Шаханов

Махаббаттың жазылмаған заңы

Жол бұралаң, сезім тура, oй тура,
Жол түскен соң болмас кейін қайтуға.
Сүйген адам сезімі үшін бақытты,
Болмайды оны бақытсыз деп айтуға.
Бұл жайлы көп мұңдаудың не орны бар,
Жандар да бар пәк сезімді қор қылар.
Махаббатты үйлену деп ойлайды
Құдіреттің құнын білмес сорлылар.
Аз ба өмірде жылап жүріп күлгендер,
Құр күлкінің қасіретін білгендер.
Ойлашы өзің, аз ба мынау әлемде
Сүймей, сенбей тағдыр қосып жүргендер.
Өмір солай, күйзеліс көп, жұлқыс көп,
Болсын, мейлі, дінің түзу, тұрмыс тоқ,
Сүймей, сенбей тағдыр қоссаң біреумен,
Махаббатта бұдан асқан қылмыс жоқ.
Сүйдіремін, деп жүріп... Сүйдіремін, деп жүріп...
Сүйдіремін, деп жүріп жалықтырып алыппын, Сағындырам, деп жүріп, ұмытылып қалыппын. Мың құбыла беретін машақаты мың дастан, Махаббаттың бітпейтін
Ерке Есмахан - 1001 күн Ерке Есмахан - 1001 күн
Махаббаттың гүлі солмайды, Сезім бірақ мұңсыз болмайды. Жетпейді 1001 күн, 1001 түн Айтуға сен жайлы.
Өмір туралы қанатты сөздер Өмір туралы қанатты сөздер
Өзен ағысымен өлі балық қана жүзеді.
Туған жер - ай, күнім де, дінім де сен. Қадір Мырза Әли өлеңдері Туған жер - ай, күнім де, дінім де сен. Қадір
Туған жер - ай, күнім де сен, дінім де сен, Тағдыр сендей сүйсе, сүрінбес ем. Керегі жоқ басқа атақ, Басқа абырой, Жетіп жатыр тек өзің ұлым десең!
Жетінші түйсік Жетінші түйсік
Үйленіп отау көтердің, мінекей, сен де, бала қаз, Тірліктен, бірақ, жарқыным, үйленбей кеткен адам аз. Сен түгіл қасқыр қасқырмен, маймыл мен маймыл
Тарысы бар аймақтың Тарысы бар аймақтың
Даттайды екен бір кінәңді ел білсе, Бірақ ол да келген қайғы уақытсыз. Қызғанышы ізгілігін сөндірсе – Нақ сол адам бақытсыз.

Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.