ойын сауық отауы
Сүйдіремін, деп жүріп...
31.08.2020 4 322 0 Admin

Сүйдіремін, деп жүріп...

Өлеңдер

СҮЙДІРЕМІН, ДЕП ЖҮРІП...
Сүйдіремін, деп жүріп жалықтырып алыппын,
Сағындырам, деп жүріп, ұмытылып қалыппын.
Мың құбыла беретін машақаты мың дастан,
Махаббаттың бітпейтін күйбеңінен жалықтым.


Сезім отын маздатып, сүйетін де - мен едім,
Сүйіп тұрып отыңа күйетін де -- мен едім.
Сонда дағы,
Өзіңді бұл жалғанда, Керегім,
Жүрегімнің мәңгілік иесіне теңедім.


Аяған жоқ бұл тағдыр күресінде дүресін,
Бірде кіріп, бір шығар, білесің бе, бұл есім?!
Мені, бәлкім, ұмыттың,
Мен ұмытпан бірақта,


Қайда жүрсем, қалқатай, жиі есімде жүресің.
Қашан көркем күй кешем қалың ойдан арылып?!
Күндіз - түні көз ілмей сені іздедім сарылып.
Сұлумын,- деп жар салма,


Бұл Жалғанда
Біліп жүр,
Сұлулықтан бағалы құндылықтар бар ұлық.
Сен - айыпты,
Айнасы көңілімнің шықтанса,


Сыйлап жүрсің жәй күнде жүрегіме жүк қанша.
Мен де сені сүйдім ғой бір ғұмырға серт етіп,
Сен де сүйші,
Сүй мені,
Шыбын жаның шыққанша.


Санжар Ғұлама


Сүйші мені, сүй мені, сүйіктім - ау! Сүйші мені, сүй мені, сүйіктім - ау!
Сүйші мені! Сүй мені! Сүйіктім - ау! Жылуы жоқ жандардан күйіппін - ау. Теңіздейін сезімің тамшы болып, Жүрегіме кетсінші сиып мынау.
Сені сүйдім... Сені сүйдім...
Сені сүйдім, Жансерігім,- деп келем, Өміріме көрік берген көктем ең. Қысқы ызғар жауратса да жаныңды, КӨҢІЛІҢДІ СУЫТПАШЫ тек менен.
Ерке Есмахан - Қайда? Ерке Есмахан - Қайда?
Ерке Есмахан "Қайда" әнінің бейнебаяны
Сен қайда жүрсің Сен қайда жүрсің
Сен қайда жүрсің, мені осыншама сағындырып, жүрегімді лаулатып жалын қылып? Мен сені іздеп жүрмін
Сол түні Сол түні
Ауады да тұрады, аңсарым - ай! Әлі сен есімдесің, Аршалы сай. Сол түні неге мені өлтірмедің? Сол түні риза едім алса құдай.
Поэзия Поэзия
Поэзия! менімен егіз бе едің? Сен мені сезесің бе, неге іздедім? Алауыртқан таңдардан сені іздедім, Қарауытқан таулардан сені іздедім.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×