ойын сауық отауы
Түркістан аңызы
13.04.2016 1 922 0 Дауыл

Түркістан аңызы

Өлеңдер
Мұхтар Шаханов

Түркістан аңызы

Талай - талай биiкпаз асылдарды
Теңескенде келтiрмей иығынан,
Ескерткiш тұр
Қаншама ғасырларды
Ұзатып сап, күлiмдеп миығынан.
Жалқау, қиқар түйедей тартыншақтап,
Жылжыды өмiр үстiмен кемел жердiң.
Ескерткiш тұр ұлылық қалпын сақтап,
Даңқын сақтап данышпан шеберлердiң.
* * *
Мизам түciп, күз қызығы қалған кезде азайып,
Түркiстанда бip ескерткiш бой көтердi ғажайып.
Күннен - күнге келбеттенiп, күннен - күнге сән құрып,
Нән ескерткiш бой көтердi жұртты өзiне таң қылып.
Сан мыңдаған құл - құтандар ертелi - кеш тынбастан,
Cap даланың кеудесiне жазып жатты бip дастан.
Мерейi асқан зарлы дастан секiлдi едi ол дегенмен,
Иран, Үндi елдерiнен жеткiзiлдi шеберлер.
Жалынына темiр балқып, илеуiне тас көнер,
Хас шеберлер арасында болатын бiр жас шебер.
Ол туралы жұрт айтатын:
"Өнepiнiң өpтi бap,
Құдай қалай жарылқаймын десе, әрине, еркi бар.
Саусағының салымы бар, сосын, әттең, бөркi бар...
Ал әйтпесе, қызда сирек кездесетiн көркi бар".
Қайран шебер қалбаң қағып, еркiн алып тынысын,
Басқарып жүр ескерткiштiң ою - өрнек жұмысын.
Қор бейнеттен жұрт кешкiлiк дем алғанда болдырып,
Түркiстанды түрлендiрiп ән бастайтын сол жiгiт.
Ол ән салса, қапас, тұйық кеудесiнде жел тұрып,
Бiрде жарын, бiрде анасын көз алдына келтiрiп,
Басыбайлы батпан мұңы сәл де болса кертiлiп,
Құл - құтандар жадырасып, қалатын бip серпiлiп.
Ол ән салса, ұзақ түндi кiрпiк iлмей атырған,
Сәукелелi қыз шығатын шеттегi алтын шатырдан.
Тiлек сайын тiзгiндескен неткен iңкәр өмip бұл,
Сол бойжеткен балдызы едi қаhарлы
Ақсақ Teмipдiң.
Мiндет ауыр. Хан бұйрығы мәмiлеге қарай ма?
Ғимаратты ендi аз күнде бiтiрген жөн қалай да.
Шеберлердi ықыластап, ынталамақ ниетпен,
Хан оларға балдызының қызметiн сый еткен.
Хан балдызы - Мәрзия ару iшке бүгiп мұратын,
Күнде түсте шеберлерге сусын әкеп тұратын.
Сырт көздердi қалдырмайын дейдi ме өрттiң өтiне,
Паң бойжеткен жұқа ғана перде ұстайтын бетiне.
Гүжбан тағдыр иығына ненi артса да көнердей,
Шебер жiгiт Мәрзияға ғашық едi өлердей.
Ғашығының айдай жүзiн бip көруге тамсанды,
Бiрде сусын әкелгенде пердесiне қол салды.
Қыз қымсынып тұрып қалды, тұрып қалды күлiмдеп,
Алма бетi гүл - гүл толқып, оймақ ернi дiрiлдеп.
Сосын, ләм деп тiл қатпастан, еркiн басып шеткерi
Өзiне арнап орнатылған ақ шатырға беттедi.
Мосқал шебер күйiп - пiстi:
"Қарағым - ау, мұның не,
Көпсiнгенiң осы нұрсыз шабаталы күнiң бе?
Ceзiмiңнiң төзiм жiбiн албырттығың қиды ма,
Ендi қайттiң,
Әлде басың өкпелi ме иығыңа?
Пiтiнәлi болмақ ендi саған мына атар таң,
Ертең ерте Ақсақ Teмip оралады сапардан.
Болған жайды балдызы оған айтпай, cipә, тұрмайды,
Айтты, бiттi, жаның онда жаhаннамға зырлайды.
Солай, ұлым. Әмiршiден ендi рақым iздeмe,
Бiрақ сенiң кесапатың соқпай кетпес бiзге де"...
Жiгiт боп - боз. Қаны қашып сөзiн зорға бастады,
(Бедерсiзiн бұрын қалай сезбей келген достары).
- Туысқандар, қамданайық, амал - айла жасайық...
Бipey айтты:
- Бүгiн түнде ұйымдасып қашайық!
Келiсiлдi. Бipaқ, бiрақ... жөн болды ма қашқаны?
Хан әскерi қуып ұстап зынданға әкеп тастады.
Ендi ненiң мәнi қалды.
(Мұңдан, мейлi, мұңданба?!)
Ертеңгiлiк Мәрзиядан хат кеп түстi зынданға.
Жiгiт жылдам оқып шықты дiр - дiр етiп қолдары,
Қыздың хаты мынау едi сондағы:
"Бip күнде ашып мiнезiңнiң бар қырын,
Тез сөндiрдiң жiгерiңнiң жарқылын.
Ұнап едi батылдығың алғашқы,
Тырағайлап қашқаның не, жарқыным?
Жарылардай саған құштар сезiмнен,
Өзiмдi - өзiм тұсаулаушы ем төзiммен.
Өлiмнен де қаймықпаған тiлектi
Қалай оқи алмағансың көзiмнен?
Өнерiң бар қараған жұрт қанбаған,
Әнiң анау аспанымда самғаған.
Құдай саған бәрiн бepiп,
Тек қана
Ерлiк бермей қойғанына таң қалам.
Ендi бәpi өштi, сөндi.
Далбаса.
Амал қанша, өз ceнiмiм алдаса?!
Сен өлдi деп өкiнбеймiн.
Әттең - ай,
Бiтпей қалған мына ескерткiш болмаса!
Бұлақ өмiр сүргенiмен құрақсыз,
Сезiм өмip сүре ала ма мұратсыз?
Жүрегiнде epлiгi жоқ адамның
Барлығы да махаббатқа тұрақсыз!"

Сүйіктіңізді қалай атайсыз? Сүйіктіңізді қалай атайсыз?
Бұл мақаланы жазуыма себеп – «мен ғашықпын». Менің сүйіктімнің маған арнап айтатын әдемі сөздері бір-біріне ұқсамайды, сонысымен ол мені күннен-күнге
Оқу Оқу
Қарайыңқы көңілді аппақ қылған бұл оқу. Түк білмейтін қамауды тақ - тақ қылған бұл оқу. «Тұтқасы» деп тұрмыстың мектеп құрған бұл оқу... Жаратқанның
Ғайша Ғайша
Ғайша жеңгей сүйген жарын аттандырды майданға... Сенген жүрек серттен оңай тайған ба? Соғыс бiттi. Ал күйеуi келмедi. Үш жыл күттi. Бес жыл күттi...
Байлар жүр жиған малын қорғалатып Байлар жүр жиған малын қорғалатып
Байлар жүр жиған малын қорғалатып, Өз жүзін, онын беріп алар сатып. Онын алып, тоқсаннан дәме қылып, Бұл жұртты қойған жоқ па құдай атып?
Тay бір аңыз Тay бір аңыз
Тay бір аңыз, Тау - дастан. Таусылмаған әу бастан. Тоқтап қалған керуен, Бір - бірімен жалғасқан.
Жатыр Жатыр
Басқа жұрт аспан - көкке асып жатыр, Кілтін өнер - білім ашып жатыр. Бірі - ай, бірі - жұлдыз, бірі күн боп, Жалтырап көктен нұрын шашып жатыр.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×