ойын сауық отауы
Ғайша
12.04.2016 7 630 1 Дауыл

Ғайша

Өлеңдер
Мұхтар Шаханов

Ғайша
Ғайша жеңгей сүйген жарын аттандырды майданға...
Сенген жүрек серттен оңай тайған ба?
Соғыс бiттi.
Ал күйеуi келмедi.
Үш жыл күттi.
Бес жыл күттi...
Өлдi деген суық сөзге сенбедi.
Тұманға орап тiлектi,
Тағы төрт - бес жыл өттi.
Тәттi apмaнын көңiлiне тоқ санап,
Күте бердi сағат санап, сәт санап.
Кейде аусар тағдырына нала боп,
Көкiрегiнде маздап, ұйтқып жанады от.
Тым құрыса,
Тым құрыса, құдай - ай,
Алданыш қып отыратын бала жоқ.
Артса да үмiт бip күннен соң бip күнге,
Жалғыз жанға жараспайды күлкiң де.
Болмады ғой.
Болмаған соң ақыры
Көршi қартқа ерге шықты бip түнде.
Сол түн тыныш ұйықтады,
Жаңа үмiтiн жағып бip,
Keyдeciне қанағаттан тағып гүл...
Ал таңертең арман болған күйеуi
Tepeзeнi қағып тұр.
Ғайша сорлы күйiп кеттi бұл қорлықты көргенде,
Тастай қатып қалды тiлсiз, естен тана үдерiп,
Сонан кейiн шашын жайып жiберiп,
Күйеуiнiң аяғына құлады.
Құлап жатып ағыл - тегiл жылады,
Жылап жатып зарлады,
Өзiн - өзi жерге соғып, қарғады.
... Махаббаттың құм секiлдi мiнезi жоқ сырғыма,
Жүргенiмен көп опық жеп алданып...
Ғайша кенет орнынан сүйретiлiп тұрды да,
Бip ғана ойға табан тipeп түбiрлi,
Ту еңiсте тасып жатқан долданып,
Асау Ақсу өзенiне жан ұшыра жүгiрдi...
Бағаласаң - махаббатты бағала,
Бағаласаң - махаббатты бағала...
Сәлден кейiн сорлының
Орамалы ғана жатты жағада.

Кешір Кешір
Кешір, Өмір, жасай алсаң кешірім, Тисе саған түйірдей бір кесірім. Жақсылардың есігінен бір теуіп, Жамандардың қағып барсам есігін!
Түркістан аңызы Түркістан аңызы
Талай - талай биiкпаз асылдарды Теңескенде келтiрмей иығынан, Ескерткiш тұр Қаншама ғасырларды Ұзатып сап, күлiмдеп миығынан.
Махаббатты қорғау Махаббатты қорғау
Бiз екеумiз жолықтық, Бipaқ тым кеш жолықтық, Достасудан от тұтап, қоштасуға қорықтық. Маған құйды жарығын сенiң көңiл - терезең, Арқамызда - құзар
Майгүлге Майгүлге
Қалақтай едің, Қабірінде қалақ тұр. Туғаныңды, өлгеніңді санап құр. Сенің аңқау құлағыңдай қалқиып, Қыр басынан қала жаққа қарап тұр.
Сағат Сағат
«Шық - шық!» деп соғып тұр Тоқтаусыз бұл сағат. Дүниеде неғып тұр Адамзат бір сағат! Сорлы адам туғанда, Сұм жалған көңілі шат.
Сарғайдым Сарғайдым
Сарғайдым күннен күнге қуат кеміп, Қалың ой - қара жылан жүректі еміп. Ақырын бітіп барам жанған шамдай, Көзіме ыстық жастар мөлт - мөлт келіп.
Пікірлер (1)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Мұхтар
#1 Мұхтар Қонақ 10 сәуір 2019 12:56
Керемет өлең!

Махаббат жасасын!

Керемет өлең!

Махаббат жасасын!
×