ойын сауық отауы
Ақсуат
01.03.2016 4 098 0 Дауыл

Ақсуат

Өлеңдер
Қадыр Мырза Әли

Ақсуат
Көріп жүрген далаңыз — Ақсуаттың даласы,
Көріп жүрген ауаңыз — Ақсуаттың ауасы.
Көріп жүрген таңыңыз — Ақсуаттың таңы да,
Көріп жүрген шаңыңыз — Ақсуаттың шаңы да.

Алайда мен таң қалдым, Ақсуатқа бардым да,
Не керемет! Білмеймін, бір керемет бар мұнда
Жігітінің көңілі - мөлдіреген ақ суат,
Жырдың атын суардым сол суаттан жақсылап.

Қыздарының қалжыңы — қиып түсер ақ алмас,
Ақ алмастың алдында жігіт айла таба алмас.
Қарттарының құшағы — көктемдегі күншуақ,
Сол шуаққа қызынбай ақын қалай тыншымақ?!

Шеттерінен атымтай көп беретін, аз алып,
Жүздер толған жылылық, көздер толған тазалық.
Шеттерінен бәрі ақын, әдеп сақтап әрең жүр,
Саусақ толған өнер де, көмей толған өлең - жыр.

Тауларымен бастырып қойған кілем - жазықты
Білек толған күш - қуат, құшақ толған нәзіктік.
Кірер жолы жалпақ та, шығар жолы жіңішке,
Ақсуаттың қонағы мас болады түк ішпей.

Таусылмайды бұл жерде сый түні мен сый күні,
Ақсуаттың қонағы білмеу керек ұйқыны.
Ақсуаттың қонағы — баласы да, қарты да,—
Аттанады амалсыз, қарай - қарай артына!
Сенбегендер сөзіме барып көрсін, байқасын!

Тумасаң да бұл жерде.
Перзенті боп қайтасың.
Менің жұртым осындай деп мақтанып айтасың,
Өз еліңе он есе жақын болып қайтасың.
Тарбағатай тауының еске сақтап әр тасын,
Түк алмай - ақ туысқа қарыздар боп қайтасың!

Кетпейтін естен ғашық жар - Сәкен Сейфуллин Кетпейтін естен ғашық жар - Сәкен Сейфуллин
Кетпейтін естен ғашық жар! Айта алмай жүрген сөзім бар, Талай жерде оқталып, Айтуға көріп ұят-ар.
Тарыққанда табынарым - өлеңім Тарыққанда табынарым - өлеңім
Тарыққанда табынарым - өлеңім, Жабыққанда жалынарым - өлеңім. Барлығы да өлеңімде сақтаулы - Ақын болып нені айттым мен, не дедім.
Шекарасыз жомарттық немесе Қалекеш Қарақұловты іздеу Шекарасыз жомарттық немесе Қалекеш Қарақұловты
Өмір деген ұлы өзенде ғарышқа атқан толқындарын, Бәрі де есте, алқынғаның, бақыт іздеп шарқ ұрғаның. Ашық - адал мінезіңді ту ғып ұстап жарқылдадың,
Алаула, шындық – ақ жалын Алаула, шындық – ақ жалын
Санамда мәңгі бекінген, Ғаламға шындық білдірген, «Правда» сенің бетіңнен, Арымды танып білдім мен,
Алданған сұлу Алданған сұлу
Күні кеше толған ай жүзің еді, Сиқырлы қара нәркес көзің еді. Мап-майда мамық қардай мінсіз денең Бейне бір бақшадағы үзім еді.
25 жасқа тілек 25 жасқа тілек
Мұрат досым, 25 жасқа толған күнің құтты болсын. Саған зор денсаулық, мол бақыт, ұзақ ғұмыр, отбасыңа амандық пен бақыт, шаңырағыңа шаттық пен
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×