ойын сауық отауы
Шопан
01.03.2016 2 888 1 Дауыл

Шопан

Өлеңдер
Қадыр Мырза Әли

Шопан
Тұрмын деп астанада, нән қалада,
Алмаймын таңдана да, паңдана да,
Біз жүрміз автобуста сығылысып,
Сен болсаң бір өзіңсің маң далада.

Айнала қызыл гүлден кілем төсеп,
Күтесің қонағыңды, келем десе...
Біздердің жайлауымыз — балкон ғана,
Ал саған бүкіл жайлау — өлең төсек.

Белгілі: қыс қиын де, күз қиын де,
Сен емес жатып алар мызғиын деп.
Суды да, ауаны да, мұз - қарды да
Көресің барлығын да қыз күйінде.

Ақындар қайтып алға жылжымасын,
Оқысаң ойсыз елең — қынжыласың.
Алдымен уыз таңды өзің жұтып,
Алдымен жауқазынды сен жұласың.
Шығарып шопан жайлы қызық аңыз,

Қойшы боп кетсек пе деп қызығамыз.
Суы жоқ тастақ сайға жатып алып,
Өзіңнен қалған Күнге қызынамыз.
Сүңгісе көкала үйрек көлшігінде,

О, көңіл, көріп соны көншідің бе?!
Біздерге,
Қалалыққа жетпегенмен,
Бір өзен бүкіл сенің меншігіңде.
Ауыл жоқ қой бағатын өгізбенен,

Астыңда алағызған семіз дөнен.
Бәрі де сенің үшін қызыметте:
Анау бұлт — көшпелі душ сені іздеген.
Алқынып қара тер боп терлегенің —

Ол сенің абыройыңды бермегенің.
Сондықтан бірінші боп сөз аласың,
Сондықтан өзіңдікі төр дегенің.
Жоқ біздің алабөтен бұлдарымыз,

Даланың өнер қуған ұлдарымыз.
Арналған өздеріне ән менен күй —
Біздің де ертелі - кеш тыңдарымыз.
О, достым, өзін қырмен бір санаған,
Сен үшін жазылмаған жыр садаға!
Алыс деп әсем қала өкінбес ем,
Табиғат жақынырақ тұрса маған!

Наз. Қадыр Мырзалиев Наз. Қадыр Мырзалиев
Құмырсқадай дұшпаны жабылып келіп талаған Айнала бердім орнымда, айнала бердім қалада. Телміре бердім әйнектен, телміре бердім далаға, Оңаша үйге
Сенің алма бағыңа. Қасым Аманжолов Сенің алма бағыңа. Қасым Аманжолов
Сенің алма бағыңа Шыбық шаншып кетіп ем. Алдағы өмір бағына Соны белгі етіп ем.
Әйел - сенің ақылшың Әйел - сенің ақылшың
Сенікі ме, менікі ме сонау гүл, Арман үшін жүрміз жазып алау жыр. Жат біреуге бақыт болып туатын, Әйелдерді еркелеткен жөн - ау бір.
Өлең - өнер пернесі Өлең - өнер пернесі
Сыпырылсын жалған күлкі, маскалар! Семсер ажал масканы емес, Басты алар! Ертең мынау көк теректер түбінде Біз болмаймыз, Табысады басқалар.
Әже туралы ән Әже туралы ән
Асыл әжем, ғасыр әжем аңсаған, Сағынышым - сары ормандай самсаған. Әке болып жүргенімді ұмытып, Әлі күнге еркелеймін мен саған.
Жүрек арызы Жүрек арызы
"Бас, ием менің. Өзіңнен бұрын жаралғам. Алдымен - менмін, Сонан сон, - сенсің жаралған. Басың мен миың, ақылың, есің, қимылың,
Пікірлер (1)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
АЙБОЛ
#1 АЙБОЛ Қонақ 5 наурыз 2018 23:58
Супер маган ұнады
×