ойын сауық отауы
Өлең - өнер пернесі
26.09.2016 4 451 0 Дауыл

Өлең - өнер пернесі

Өлеңдер
Қадыр Мырза Әли өлеңі

Сыпырылсын жалған күлкі, маскалар!
Семсер ажал масканы емес,
Басты алар!
Ертең мынау көк теректер түбінде
Біз болмаймыз,
Табысады басқалар.

Кемеңгерлер,
Жайсаңдар мен қасқалар
Күні жетіп,
Топырағын жастанар
Ертең мынау дастарханның басында
Біз болмаймыз,
Отырады басқалар.

Ешкім де жоқ құқайыңнан жасқанар,
Кеудеңді сен қаға берме,
Масқара!
Ертең мынау өлең - жырдың басында
Біз болмаймыз,
Бағалайды басқалар!

***
О бастан - ақ мен бұған пәс қарадым,
Халық әні емес қой – мастар әні.
Жыр ұялса ұятсыз ақын үшін,
Сол - ақ шығар үлкені масқараның!

Қыран болып қонбасаң қияға бір,
Батқан күндей қызарып ұяңа кір!
Қалай болсаң, олай бол, айналайын,
Ақын болсаң, алдымен ұяла біл.

***
Күрестен түк өнбес,
Қауқарыңды біліп бақ.
Күлкі болғың келмесе,
Өзіңе өзің күліп бақ.

Әділ десең, жөн десең,
Айтқан жерде тұрып бақ.
Таяқ жегің келмесе,
Өзіңді өзің ұрып бақ!

Көрсе мініп шебердің
Кетеді жұрт шошып бір.
Ордасына өнердің аяғыңды шешіп кір.

***
Ажырата алмаса төр мен көрді,
Көрді деу де қиын - ау көргендерді.
Дәл атуды алдым мен мақсат қылып,
Ұстаз қылып алдым мен мергендерді.

Сыбырласып, сырласып текке түнмен,
Сұлу сөздер,
Кетпеңдер бет - бетіңмен!
Пулеметчик сияқты
Өлеңді де
Жатып алып атамын етпетімнен...

***
Айналайын, сөз танитын ер ме едің?
Сөз танысаң,
Қонағым боп төрледің.
Асаудың да асауы бар деуші еді,
Сөзден асқан асауды мен көрмедім.

ШҚО, Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылы,
Ш. Уалиханов атындағы орта мектептің
11 сынып оқушысы Шағыманов Дарын

Бермесең әділ баға сынай берме Бермесең әділ баға сынай берме
Әуелде ақиқаттан алыс тұра, Ойыңды өзге оймен жарыстыра, Талапты, талғамы бар адам болсаң, Жетерсің сен шыңына салыстыра.
Маймылдар Маймылдар
Маймыл деген көп болады ыстық жерде, Бөтен аңдай жауыз емес зиянгер де, Әдеті біреу істеген істі істемек, Әлінен әлек болып келмесе де.
Болу үшін космонавт Болу үшін космонавт
«Болам десең космонавт, Қиын өнер ол», - деді. Әкем: «Осы бастан - ақ Есепке алғыр бол», - деді.
Халық Халық
Әлқиссаның әжесі - "Әліппеден" Ә дегеннен ғибрат алып келем. Ұлттар үшін Жүз томдық жыр сездігі Ұлы сөзден басталар ХАЛЫҚ деген.
Өткен – аяулы Өткен – аяулы
Cap дала бейне өлік сұлап жатқан, Көбіндей ақ селеулер бетін жапқан. Тау да жоқ, орман да жоқ, өзен де жоқ, Сәуле емес, қан шашып тұр күні батқан.
Жаралы жан Жаралы жан
Cap дала бейне өлік сұлап жатқан, Көбіндей ақ селеулер бетін жапқан. Тау да жоқ, орман да жоқ, өзен де жоқ, Сәуле емес, қан шашып тұр күні батқан.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×