
Шығар
Өлеңдер
Қадыр Мырза Әли
Шығар
Құздағы қар кетті дейміз,
Ол - көктем келгені шығар.
Нажағай жарқ етті дейміз,
Ол — оның өлгені шығар.
Жаңбыр сәл сіркіреді дейміз,
Ол — бұлттың исінгені шығар.
Күн қатты күркіреді дейміз,
Ол — оның күрсінгені шығар.
Жігерім қайнады дейміз,
Ол — жырдың ұнағаны шығар.
Бұлбұлды сайрады дейміз,
Ол — оның жылағаны шығар!
Шығар
Құздағы қар кетті дейміз,
Ол - көктем келгені шығар.
Нажағай жарқ етті дейміз,
Ол — оның өлгені шығар.
Жаңбыр сәл сіркіреді дейміз,
Ол — бұлттың исінгені шығар.
Күн қатты күркіреді дейміз,
Ол — оның күрсінгені шығар.
Жігерім қайнады дейміз,
Ол — жырдың ұнағаны шығар.
Бұлбұлды сайрады дейміз,
Ол — оның жылағаны шығар!

Бәлкім, менің болмысым бөлек шығар?! Ал, сен қалай ойлайсың, зерек шынар?!

Жаңбыр жауар себелеп, Жолға шығар ебелек. Гүлге қонар көбелек, Атқа қонар бөгелек.

«Бала ғой» дейміз баланы, Ат та жоқ басқа беретін. Баладан өсер - дананы Көз де жоқ бізде көретін.

Баланың еркелігін шытынап, көтермейміз. Үш жаста - ақ ел сенімін ақтаса екен дейміз.

Мен отырмын сөзіңе құлақ түріп, Ал сен болсаң бөркіңді лақтырып, "Үш ұлың бар, Сен мені түсінбейсің!