
Баланың еркелігін
Өлеңдер
Фариза Оңғарсынова өлеңі
Баланың еркелігін
Шытынап, көтермейміз.
Үш жаста - ақ ел сенімін
Ақтаса екен дейміз.
Ойлаймыз: жүгірмесе,
Сұрақтар бермесе көп,
Көр - жерге үңілмесе,
Жаныма келмесе деп.
Жүр дейміз арыстан боп
қарғитын қара құздан.
Өзіміз данышпан боп
туғандай анамыздан.
Фариза Оңғарсынованың басқа өлеңдерін қарау
Баланың еркелігін
Шытынап, көтермейміз.
Үш жаста - ақ ел сенімін
Ақтаса екен дейміз.
Ойлаймыз: жүгірмесе,
Сұрақтар бермесе көп,
Көр - жерге үңілмесе,
Жаныма келмесе деп.
Жүр дейміз арыстан боп
қарғитын қара құздан.
Өзіміз данышпан боп
туғандай анамыздан.
Фариза Оңғарсынованың басқа өлеңдерін қарау

Өтіп жатыр күндерім қуанышсыз, қайғысыз, үнсіз менің: көппен бірге жүреді құр сүлдерім. Күзгі жауын секілді сүйекке өтер

Таң бұзып тынышымды жіберді деп, жазғы түн кетерінде түнерді кеп. Жер - ару серпігенде түн көрпесін, маужырап қарап тұрды Күн елжіреп.

Мен туған ауыл – Ай мекен, Еске алмай жүрер күнім кем. Баяғы достар қайда екен, Бірге ойнап, бірге жүгірген?

Мен оның құшағында, ол сенің құшағыңда - алдаймыз өзімізді және... ол байғұстарды; Біз бұлай азаптап ек қай дұшпанды?!

Құздағы қар кетті дейміз, Ол - көктем келгені шығар. Нажағай жарқ етті дейміз, Ол — оның өлгені шығар.