ойын сауық отауы
Әсірелеу
02.03.2016 2 663 0 Дауыл

Әсірелеу

Өлеңдер
Қадыр Мырза Әли

Әсірелеу
Пысқырғанда пырақтар
Жапырылған құрақтар.
Ысқырғанда жебелер
ЬІсырылған төбелер.
Жөткіргенде ақындар
Желпілдеген шатырлар.
Түшкіргенде батырлар
Таре айырылған татырлар.
Бақырғанда қатындар
Безіп берген жақындар...
Бекерге сен бүлінбе,
Бұлай емес бүгінде!

Адам күліп тумайды, туа сала күлмейді. Қадыр Мырза Әли Адам күліп тумайды, туа сала күлмейді. Қадыр
Адам күліп тумайды, туа сала күлмейді. Үйренеді күлуді, бірақ күліп өлмейді.
Волгалы ауыл Волгалы ауыл
Баршылықтың арқасы ғой тегінде, Бір - бір «Волга» әрбір үйдің түбінде. Атқа деген құмарлығы халқымның Машинаға көшсе керек бүгінде.
Замана Замана
Замана озды, Діндер тозды Адамның ішкі Жындары қозды.
Он баласы бар ана Он баласы бар ана
Адам жаны өрілмеген таспадан. Адам – адам. Ұға ма оны тас надан. Он баласы бар ананы бүгінде Он есе сыйлау керек басқадан!
Қаладағы қартайған ат Қаладағы қартайған ат
Баяғыдан, әрине, бағасы кем, Байланысы жоқ енді даласымен Бір кездегі белгілі ат Бара жатыр Тық - тық шертіп асфальтты тағасымен.
Дүріл мен діріл Дүріл мен діріл
Көктің де өзіне Пайданың көзімен Қараймыз бүгінде. Гүл деген құнсыз бақ,
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×