
Дүріл мен діріл
Өлеңдер
Қадыр Мырза Әли
Дүріл мен діріл
Көктің де өзіне
Пайданың көзімен
Қараймыз бүгінде.
Гүл деген құнсыз бақ,
Деп, достар, гүлсіз қап
Жүрмесек түбінде.
Моторлар зіркілдеп,
Тынбайды бір күн де,—
Бұл, рас, ел қамы.
Жүректің дірілін
Машина дүрілі
Жұтпаса болғаны!
Дүріл мен діріл
Көктің де өзіне
Пайданың көзімен
Қараймыз бүгінде.
Гүл деген құнсыз бақ,
Деп, достар, гүлсіз қап
Жүрмесек түбінде.
Моторлар зіркілдеп,
Тынбайды бір күн де,—
Бұл, рас, ел қамы.
Жүректің дірілін
Машина дүрілі
Жұтпаса болғаны!

Адам күліп тумайды, туа сала күлмейді. Үйренеді күлуді, бірақ күліп өлмейді.

Баршылықтың арқасы ғой тегінде, Бір - бір «Волга» әрбір үйдің түбінде. Атқа деген құмарлығы халқымның Машинаға көшсе керек бүгінде.

Адам жаны өрілмеген таспадан. Адам – адам. Ұға ма оны тас надан. Он баласы бар ананы бүгінде Он есе сыйлау керек басқадан!

Баяғыдан, әрине, бағасы кем, Байланысы жоқ енді даласымен Бір кездегі белгілі ат Бара жатыр Тық - тық шертіп асфальтты тағасымен.

Тып - тыныш боп тұратындай әманда, Тыныштықты ұқпай қалдым табанда. Табиғатта дөңбекшу жоқ, Діріл жоқ, Суретке бір түсетұғын адамдай