ойын сауық отауы
Ақын
01.06.2016 2 162 0 Дауыл

Ақын

Өлеңдер
Фариза Оңғарсынова өлеңі

Ақын
Ақынның нәзік жүрегі
самалдан тоңар гүл еді.
Халқының махаббатымен
ақсұңқар құстай түледі,
ел ғана – тұғыр, тірегі.

Әділет үшін жан салып,
алдында тұрсын қанша алып –
шындыққа жетпей тынбайды,
қияметтерге қарсы ағып,
баурайды сонда бал шабыт.

Сұлулық пенен пәктіктен
рақат күткен, бақ күткен,
шығып кеткенше ақтық дем,
арпалысып өтер қасқайып
күңкілмен, бұқпа сақтықпен.

Аялап туған ел, жерін,
өнерін, тілін, ерлерін
қастерлер елдің туындай.
Аяла халқым, суынбай
Бұқардың мұрагерлерін!

Әтеш пенен меруерт тас - Спандияр Көбеев Әтеш пенен меруерт тас - Спандияр Көбеев
Мыс қылар алтыныңды жаман адам, Қайдан білсін жақсы - жаманды надан адам, Асылдың қадырын біліп қалай тұрсын, Көрмеген өмірінде тазына адам.
Неге осы мен елпілдеп қуанбаймын Неге осы мен елпілдеп қуанбаймын
Неге осы мен елпілдеп қуанбаймын? Ілінген бе мойныма тұмардай мұң? Қайда барсам, сумаңдап шығады алдан шұбарлана ысылдап жылан - қайғым.
Өтіп жатыр күндерім Өтіп жатыр күндерім
Өтіп жатыр күндерім қуанышсыз, қайғысыз, үнсіз менің: көппен бірге жүреді құр сүлдерім. Күзгі жауын секілді сүйекке өтер
Қызбел Қызбел
Табиғат, құпия әлі сырың жұртқа, сұлулық сыйла әніме мұңымды ұқ та. Келемін бас июмен талантыңа ғашық боп ғұмыр бойы сұлулыққа.
Ұстаз Ұстаз
Заводта болсаң, күнбе - күн көрінер еді табысың. Дәрігер болсаң, түрлі емің – сырқаулы жанның бағы шын.
Рух пен тіл Рух пен тіл
Табиғаттың өзгермейтін заңына бұр бетіңді, Қай кезде де туған тілің туған анаң секілді. Бабалардың арманы бар мына қызыл гүлдерде, Олар елін, тілін
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×