ойын сауық отауы
Әтеш пенен меруерт тас - Спандияр Көбеев
06.03.2019 2 603 0 Дауыл

Әтеш пенен меруерт тас - Спандияр Көбеев

Өлеңдер
ӘТЕШ ПЕНЕН МЕРУЕРТ ТАС - Спандияр Көбеев
Мыс қылар алтыныңды жаман адам,
Қайдан білсін жақсы - жаманды надан адам,
Асылдың қадырын біліп қалай тұрсын,
Көрмеген өмірінде тазына адам.
Мысалы ғибрат үшін біразырақ,
Меруерт, әтеш әңгімесін енді жазам.
Жырақ жүр ақымақтан зиянгерден
Кесірі тиетұғын талай жерде.
БОҚТЫҚТЫ бұрқыратып теуіп жүріп,
Меруертті жатқан әтеш көзі көрді.
Асылға жарқыраған көзін салмай,
Мінекей ақымақтың айтқан сөзі.
— Бұл тасқа текке алғысыз осыншама,
Береді неткен адам үлкен баға,
Табылса жарты бидай бұдан дағы,
Аузыма қояр едім салып мана.
Бидайдың нақ қарауға ажары кем,
Меруертпен сұлулыққа болмайды тең,
Тоқтығы сонда дағы көш жер артық,
Табылса қалар едім қуанып мен.

Ақымақ теке. Спандияр Көбеев (мысал әңгімелар) Ақымақ теке. Спандияр Көбеев (мысал әңгімелар)
Бір теке шөлдеп, таңертең бұлаққа түсіп су ішті дағы қайтадан шыға алмай бақыра бастады. Оның даусын естіп түлкі келіп айтты: егерде сенің иегіндегі
Мектепке шақыру - Спандияр Көбеев Мектепке шақыру - Спандияр Көбеев
Балалар, жиналыңыз мектепке ерте, Мәз болмай деген сөзге «мырза, ерке». Бұл кезде өнерлі адам өрге шықты Зат емес надан кісі алар текке.
Есек пен сандуғаш - Спандияр Көбеев Есек пен сандуғаш - Спандияр Көбеев
Отырған сандуғашқа келді есек, Аузынан сөзі шығып кесек - кесек, — Әй, бұлбұл, сені әнші деп естіп едім, Сайрашы сынайын мен өзім естіп.
Сандуғаш және шымшық - Спандияр Көбеев Сандуғаш және шымшық - Спандияр Көбеев
Хат жаздым көтерілер көңіл хошы, Жарамас әзілге де сөздің босы. Ертеде бір кісінің болған екен Шымшық әм сандуғашы — екі құсы.
Қарашекпен әм жылан - Спандияр Көбеев Қарашекпен әм жылан - Спандияр Көбеев
Болды дос жылан менен қарашекпен Жүргіншіден айналдырып азды - көпте Мужиктің іш - баурына кіріп алды, Ақылды бір өнерпаз залым екен.
Арыстан менен кісі - Спандияр Көбеев Арыстан менен кісі - Спандияр Көбеев
Мықты болсаң күшіңе серік болсын ақыл, Бес күндік дүниеге еріп болма ғафыл, Кейінгі балалардың пайдасы үшін, Көрсетіп тәржімамен айттым нақыл, Құр
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×