ойын сауық отауы
Қызбел
01.06.2016 1 781 0 Дауыл

Қызбел

Өлеңдер
Фариза Оңғарсынова өлеңі

Қызбел
Табиғат, құпия әлі сырың жұртқа,
сұлулық сыйла әніме мұңымды ұқ та.
Келемін бас июмен талантыңа
ғашық боп ғұмыр бойы сұлулыққа.
Көміліп сен де талай мұнар - мұңға,
өлтірмей өнеріңді шыға алдың ба,
өмірлік өткелдерде сыналдың ба —
білмеймін,
Білетінім — бір ғажабың
көз тартып Қызбел тауы тұр алдымда.
Сағымға оранғанда, дала нұрлы,
керілген кеңдігі мен адамы үлгі.
Сұлулық сирек кезде
Қызбел тауы
талдырып бара жатыр жанарымды.
Қызықтап кезіп келем түзді ерінбей,
дөп басып бабалардың іздерін кей.
Даланың кеудесінде тау жотасы
шынында қынай буған қыз беліндей.
Басынан Қызбел таудың мұнар ұшып,
мөлтілдеп көк тасында тұнады шық.
Біресе жүдеу, жалғыз көрінеді —
Жанына енер ме едім сыр алысып...
Құздар жоқ жіберетін тіреп, демеп,
әлде ойда, әлде назбен тұр өкпелеп.
Аялап сұлулықты сезуге де
кез керек, сосын жота жүрек керек.

Фариза Оңғарсынованың басқа өлеңдерін қарау

Лүпілдей соқты жас жүрек Лүпілдей соқты жас жүрек
Лүпілдей соқты жас жүрек, еркелеп назбен қарадым. "Поезда - ақ хатты жазшы?!" - деп, елжірей қалды жанарың.
Дүние бос қалды ғой сен кеткелі Дүние бос қалды ғой сен кеткелі
Дүние бос қалды ғой сен кеткелі, күлегеш достарды қой жер - көктегі: ешбірі өзіңдей боп жүрегімді шаттықтан не қайғыдан кернетпеді.
Мен қорқамын Мен қорқамын
Мен қорқамын: екеуімізге арманның да, таңдардың да ортағын; қуаныштың, жұбаныштың ортағын; жолдардың да, ор - жардың да ортағын;
Жаным пәк, аппақ едім Жаным пәк, аппақ едім
Жаным пәк, аппақ едім балауыз балапандай, күлімкөз, мақпал ерін, күлкімнен таң атардай.
Жезқазған Жезқазған
Жезқазған — жыр қайнарым, мыс балқып қойнауында тулайды ағын. Көзіндей батыр мінез бабалардың ұлы — мәрт, қызы — көркем нұрлы аймағым!
Бір сезім жанарыңда елжіреген Бір сезім жанарыңда елжіреген
Бір сезім жанарыңда елжіреген жанымды тұңғыш рет дір еткізді. Басармын сол дірілді енді немен бір арман кернегендей жүректі ізгі.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×