ойын сауық отауы
Ән құдіреті
01.06.2016 2 092 0 Дауыл

Ән құдіреті

Өлеңдер
Фариза Оңғарсынова өлеңі

Ән құдіреті
Нұрғалиға
Жаның бір күміс үнге тамсанғанда,
балбырап бөленесің қанша арманға!
Бар дүние бұлбұл болып сайрайтындай
Нұрғали ән салғанда!

Нұрғали ән салғанда:
жұрт райлы,
көздерден күн - мейірім жылтырайды,
ананың ақ құшағын сезіндіріп,
даланың жусан иісі бұрқырайды.

Сезінбей уақыттың түс, екіндісін,
жаныңа түк еместей не түрлі сын.
Нұрғали ән салғанда, көңілің өсіп,
ешқашан қартаймайтын секілдісің.

Әр жасы құтты болғай ғажап ұлдың,
думаны тарқамасын базарымның,
әнің де, сәнің осы жас күйіңде
жасай бер, Нұрғалиы қазағымның!

Фариза Оңғарсынованың басқа өлеңдерін қарау

Ұмытылған ұлт дәстүрлері: Нәзір Ұмытылған ұлт дәстүрлері: Нәзір
Нәзір /салт, ырым/. Күрделі жұмыс бастағанда (мысалы, егін салғанда, су келтіру үшін арық қазғанда, үй салғанда) бұрын әр адам «Тәңірім, ісімді оңдай
8 наурызға арналған өлең 8 наурызға арналған өлең
Әйел деген ән салғанда әдемі, Әлденеге тамсанғанда әдемі. Қимай ғана қоштасқанда әдемі, Қуанышпен қарсы алғанда әдемі.
Дүние бос қалды ғой сен кеткелі Дүние бос қалды ғой сен кеткелі
Дүние бос қалды ғой сен кеткелі, күлегеш достарды қой жер - көктегі: ешбірі өзіңдей боп жүрегімді шаттықтан не қайғыдан кернетпеді.
Қараңғы түндердің шапағаты Қараңғы түндердің шапағаты
Түндер келеді құбылмас қараңғылықпен дүниенің барлық жиіркеніштерін таса ғып, күндізгі сағымдай көз жауын алмай көлгір көркімен жасанып;
Қызғаныш Қызғаныш
Мен қайтсем екен? Мынау денем өртеніп, барады ысып. Кетсем бе әлде сандалып арақ ішіп?.. Менен гөрі бақытты - ау әркімдердің
Мен өзімнің жауларымды өле қал деп ешқашан қарғамаймын Мен өзімнің жауларымды өле қал деп ешқашан
Мен өзімнің жауларымды өле қал деп ешқашан қарғамаймын, Не өксітіп кетсін деп армандаймын. Қайғы болсын дер едім жан ашығыш, ойшылдау боп кетесің
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×