ойын сауық отауы
Қараңғы түндердің шапағаты
03.06.2016 1 600 0 Дауыл

Қараңғы түндердің шапағаты

Өлеңдер
Фариза Оңғарсынова өлеңі

Қараңғы түндердің шапағаты
Түндер келеді
құбылмас қараңғылықпен
дүниенің барлық жиіркеніштерін таса ғып,
күндізгі сағымдай көз жауын алмай
көлгір көркімен жасанып;
ақ сезімдердің ақ айдынында тербелер
дел - сал сәт қой бұл
қатыгездіктен қажыған көңілдер жасарып!
Қараңғы түндер,
бұл дүниенің ләззаты жалғыз сендерде ғана
қалған ба!
(Өзгенің бәрі өзгеріп кеткен шеңгелін мезгіл
салғанда).
Түндердің тұнжыр тыныштығы ма екен
көңілдерді көкке көсілтіп,
талпындыратын таңдарға?!
Таңдайыңа татып тірліктің шырын шақтары
жанды шалқытқан
түн құшағына алғанда?!
Жалғыз - ақ мынау бөлмеде
тыныштықта бей - жай көңіл көрпесі көсілмей,
(қасиетті түндер кешіргей!)
ақтүтек ойлардың ақпаны сақ - сақ қүледі
жалғыздығынан құтырып кеткен жесірдей.
Рахатын түннің тұл етіп сонда
мен отырамын шабыттың
сарала сауытын шешінбей.
О, шуақ күндер!
Қыз саусақ шұғыла төккенге балғын бақтарға -
менменшілдікпен мақтанба!
Тірліктің қимас күндерін тылсым түндерде ғана
сезбесек,
қадірсіз шығар ақ таң да.
Мынау жалғанда жалғыз - ақ өзім
құдіреттідей боп отырам
Қараңғы түндер шапағат шашқан шақтарда.

Фариза Оңғарсынованың басқа өлеңдерін қарау

Өзіңді жерлеп келіп, жапа - жалғыз отырмын Өзіңді жерлеп келіп, жапа - жалғыз отырмын
Өзіңді жерлеп келіп, жапа - жалғыз отырмын. Меңіреумін. Айналамда қыстыққан еңіреулі үн...
Күйзелу Күйзелу
Көңіл - күйде тыншу жоқ: әлденені аңсай ма, жабыға ма, өрт кешкендей тынысым тарыла ма, әлде дауыл тілеген теңіз сынды бір бұрқаныс сәттерді сағына
Дүние сұлық Дүние сұлық
Дүние сұлық. Тыныштық құшқан шартарап, бір сілкіністі күткендей ғалам ішіне демін тарта қап.
Қызғаныш Қызғаныш
Мен қайтсем екен? Мынау денем өртеніп, барады ысып. Кетсем бе әлде сандалып арақ ішіп?.. Менен гөрі бақытты - ау әркімдердің
Өзіңменен жүрегім егіз менің Өзіңменен жүрегім егіз менің
Өзіңменен жүрегім егіз менің, түндер бойы қарманып сені іздедім - жоқсың. Сонда еске алдым қимастықты тағдырдың желі үзгенін.
Шаттық қайда, ән қайда аласұрған Шаттық қайда, ән қайда аласұрған
Шаттық қайда, ән қайда аласұрған? Түндер қайда ұйқыны таң асырған? Байланғандай тіл - аузым тұншығамын шалға тиген байғұстай шарасыздан.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×