ойын сауық отауы
Тәрбиеші
03.06.2016 3 665 0 Дауыл

Тәрбиеші

Өлеңдер
Фариза Оңғарсынова өлеңі

Тәрбиеші
Ән салғызып, билетіп,
ылғи бізбен жүреді.
Тақпақты да үйретіп,
Ойната да біледі.

Қызық - қызық ертектер
Біздерге оқып береді.
Жылауық та, тентек те
Сол апайға көнеді

Бастап бізді далаға,
Серуенге де шығады.
Біз шомылсақ жағада
Байқап өзі тұрады.

Кішкентаймыз әлі біз,
Үлкендерге сенеміз.
Бұл тәтені бәріміз
Сыйлап, жақсы көреміз.

Естіп кейде қаламын,
Тәрбиеші апайды
"Қамқоршысы баланың"
Деп ауылда атайды

Фариза Оңғарсынованың басқа өлеңдерін қарау

Балаларға арналған тақпақтар, өлеңдер жинағы Балаларға арналған тақпақтар, өлеңдер жинағы
Бізге тәртіп үйреткен, Ән салдырып, билеткен, Таныстырған ең алғаш Әріптермен, суретпен, —
Әже Әже
Тентек болсам, ашынып, жақсы іс қылсам, асырып, маған сақтап жүреді тәттіні де жасырып.
Туған жер Туған жер
Құрыш болат білекпен шөл далаға гүл еккен, Қалаларды самсатып, жапандарды түлеткен
Баланың еркелігін Баланың еркелігін
Баланың еркелігін шытынап, көтермейміз. Үш жаста - ақ ел сенімін ақтаса екен дейміз.
Әкеме Әкеме
Әкем біреу, анам да біреу менің, Мен жығылсам сүйенер тіреулерім. Олар барда мереке, көрген емен Қабақтарын шытқанын, түнергенін.
Өмірдің өзі қызық - ақ Өмірдің өзі қызық - ақ
Өмірдің өзі жұмбақ бір, өмірдің өзі қызық - ақ, Жап - жақсы жырды кейде біз түзеумен жүрміз бұзып ап. Өмірдің өзі жұмбақ бір, өмірдің өзі қызық - ақ,
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×