ойын сауық отауы
Мен қорқамын
03.06.2016 2 218 0 Дауыл

Мен қорқамын

Өлеңдер
Фариза Оңғарсынова өлеңі

Мен қорқамын:
екеуімізге арманның да,
таңдардың да ортағын;
қуаныштың,
жұбаныштың ортағын;
жолдардың да,
ор - жардың да ортағын;
бізге атылған оқтардың да,
достардың да ортағын;
сағынудың, сезінудің ортағын;
аңсап - талып кезігудің ортағын -
көнбей ешбір дәлелге,
бәрін айтып қояды - ау деп әлемге,
мен өзімнің көздерімнен қорқамын;
сосын, сосын, өлеңдерім,
өздеріңнен қорқамын!

Фариза Оңғарсынованың басқа өлеңдерін қарау

Шырша Шырша
Ақ қырауға малынған ақша қардай сақалы, көптен күтіп сағынған көрдік Аяз Атаны.
Қателескен екенмін. Бір - ақ рет Қателескен екенмін. Бір - ақ рет
Қателескен екенмін. Бір - ақ рет. Өкініштен өртен де жыла, жүрек. Әр қадамды мысықша аңдамаппын, айыптаңдар, қайтемін, кінәлі деп.
Баланың еркелігін Баланың еркелігін
Баланың еркелігін шытынап, көтермейміз. Үш жаста - ақ ел сенімін ақтаса екен дейміз.
Туған жер Туған жер
Армысыңдар, туған жер, туғандарым, Кезіп жердің тау – тасын, нулы орманын Келіп тұрмын, безгем жоқ өздеріңнен – Мені алысқа сендерден қуды арманым.
Мен өзімнің жауларымды өле қал деп ешқашан қарғамаймын Мен өзімнің жауларымды өле қал деп ешқашан
Мен өзімнің жауларымды өле қал деп ешқашан қарғамаймын, Не өксітіп кетсін деп армандаймын. Қайғы болсын дер едім жан ашығыш, ойшылдау боп кетесің
Басымнан қорқам Басымнан қорқам
Мен басымнан қорқамын атом ба деп, Бір әлемет жасалып жатыр ма деп. Мұндай - дағы сұрапыл тап болар ма, Өзі болған өзімен пақырға кеп.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×