ойын сауық отауы
Ананың тілегі
03.06.2016 3 637 0 Дауыл

Ананың тілегі

Өлеңдер
Фариза Оңғарсынова өлеңі

Ананың тілегі
Өмірден ылғи нұр күттім,
кешсем де талай өткелін.
Таңданам бүгін, тірліктің
құпиясы, мұнша көп пе едің?
Мол екен жұмбақтары да,
зардаймын ойсыз күніме.
Нәзіктеу мөлдір жаныма
ауырлау ғасыр жүгі де.
Қуаныш құяр көңілге
сиреді салқам сырласым.
Жыл өткен сайын өмірде
рахаттан гөрі мұң басым.
Жабырқап жарқын жамалым,
күдіктер жайлап сананы,
Бала өскен сайын ананың
бейнеті де өсіп барады.
Қоңыраулы күлкі қалды күн
шалқитын шартқа шектелмей.
Дос кеуделердің барлығын
күншілдік кеулеп кеткендей.
Серілік, сенім тұл бүгін,
жүрмейтін бір кез таң қылмай.
Шарқ ұрып жеткен шындығың
шілдеден соңғы шалғындай.
Жылуын жоймай Жер - бесік,
тұрса деп өшпей ізгі арман -
қорғаштап келем сең кешіп
қараулықтардан, ызғардан.
Тарландай уақыт тақымдар,
сенделтер салқын сеңдері.
Ей, Өмір, саған датым бар -
жалғыз - ақ тілек мендегі:
тоғытпа мейлің ақ нұрға?.;
сынағыңды әлі дайында,
нәзіктігімді тек қалдыр да,
аналығымнан айырма!...

Фариза Оңғарсынованың басқа өлеңдерін қарау

Мен саған сыр айтамын Мен саған сыр айтамын
Мен саған сыр айтамын: біреулердің қайтеміз құр айтағын, сезе тұрып қайғысын соңындағы; білеміз ғой - қателік со жылдағы,
Бір - ақ жайды, әйтеуір, білдім бүгін Бір - ақ жайды, әйтеуір, білдім бүгін
Бір - ақ жайды, әйтеуір, білдім бүгін: маңайымды, тіпті анау жыңғыл гүлін сен арқылы ораймын жылылыққа, сен арқылы сіңіріп күннің нұрын.
Азамат Өмірғалиға Азамат Өмірғалиға
Жүзі қоңыр болғанмен, аппақ оның жүрегі, күлсе шындап күледі, ал, күрсінсе — түн еді.
Қызғаныш Қызғаныш
Мен қайтсем екен? Мынау денем өртеніп, барады ысып. Кетсем бе әлде сандалып арақ ішіп?.. Менен гөрі бақытты - ау әркімдердің
Бір сезім жанарыңда елжіреген Бір сезім жанарыңда елжіреген
Бір сезім жанарыңда елжіреген жанымды тұңғыш рет дір еткізді. Басармын сол дірілді енді немен бір арман кернегендей жүректі ізгі.
Мынау қолым, басым мынау Мынау қолым, басым мынау
Мынау қолым, басым мынау, жүрегімде - тосын әнім; Жүзім күңгірт, шашым қырау, неде болса, осы барым. Көзбен көрем, үйренемін, ол да менің бір
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×