ойын сауық отауы
Сен үшін сонау алыстардағы елес ем
01.02.2016 2 791 0 Дауыл

Сен үшін сонау алыстардағы елес ем

Өлеңдер
Фариза Оңғарсынова өлеңі

Сен үшін сонау алыстардағы елес ем,
осынша мені арман қып келдің неге сен.
«Сыртыңнан сүйіп жүретінімді
сезуші едің ғой» демесең,
мен саған ғашық емес ем.
Бас иген көп - көп бозбалаларға паңдана
асқақтау басып, бақытты болдым. «Сонда да
жан - жүрегіңді толтырар бір жан
жетпей жүрді ғой» демесең,
мен саған ғашық емес ем.
Бір дауыл сәттің соғарын сезіп жүргенмен,
сен екеніңді білген бе ем...
Әйтеуір, жаным, «бұл күнде менсіз
жүре алмайсың ғой» демесең,
мен саған ғашық емес ем.

Ғашығым Ғашығым
Көп жұмбақтар жатыр мөлдір көзіңде, Мас болдым ғой саған деген сезімге. Сені ойлайтын болдым жаным тынбастан, Оңашада жалғыз қалған кезімде.
Апама Апама
Әлпештеген, аялаған, Ардағым деп, апатайым. Сәлем жазып бүгін саған, Қуанышыңды құттықтаймын.
Шырқайын - сазды сырнай досым қайда Шырқайын - сазды сырнай досым қайда
Шырқайын - сазды сырнай досым қайда?! Әндетсем, қыз - бозбала қосылмай ма?! Думанның бозбаласыз қызығы жоқ - өртейін, өртенейін осындайда!
Сүйген – сұлу Сүйген – сұлу
Сенің көзің көк те емес, қара да емес - қой көзді деп атайды мұндайларды. Ол көздердің оты да ғажап емес, бірақ маған сол жанар нұрдай мәңгі.
Татьяна сөзі Татьяна сөзі
Тәңірі қосқан жар едің сен, Жар ете алмай кетіп ең. Ол кезімде бала едім мен, Аямасқа бекіп ең.
Көңілде ән, көгімдегі Күн көруші ем Көңілде ән, көгімдегі Күн көруші ем
Көңілде ән, көгімдегі Күн көруші ем, Барғанда маған ылғи гүл беруші ең. Жалт етіп жай отындай көкжиектен Әттең - ай, маған енді бір көрінсең!
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×