ойын сауық отауы
Апама
31.08.2018 11 145 0 Дауыл

Апама

Өлеңдер
Апама
Әлпештеген, аялаған,
Ардағым деп, апатайым.
Сәлем жазып бүгін саған,
Қуанышыңды құттықтаймын.
Көкірегіңді жастанып ап,
Талдырушы ем қолыңды мен,
Деген сөзің «қалқам, шырақ»,
Кетер емес көңілімнен.
«Көңіл хошым, көз нұрым» деп,
Қолым қақпай еркелеттің.
«Жаман болсаң сен – сорым» деп,
Жақсылыққа тағы үйреттің.
Тәттің болса таңдайыма
Тосушы едін, өзің татпай.
Қиындықтың қандайына
Төзуші едің, кірпік қақпай
Кір шалдырмай кекілімді,
Жуушы едің, тарап күнде.
«Құлыным» деп сүйіп мені,
Басушы едің жүрегіне.
Апатайым, айналайын,
Менің үшін не көрмедің.
Сендей болып бала жайын
Ұға білсін жеңгелерім!
Ана еңбегін ардақтаған,
Біздің совет заңы ғана.
Ана орденін беріп саған,
Деп атады «Даңқты ана!»

Бұл қуаныш, бұл бақытты,
Апатайым, кім ұмытад.
Бақыт берген ұлы адамды,
Барлық әлем қадір тұтад.
Апатайым сол ана – сен,
Сені бүкіл дүние көрсін!
Қамқоршымыз партиямен
Даңқымыз да арта берсін!

Танысқанда сен он бес - ақ жаста едің, Танысқанда сен он бес - ақ жаста едің,
Танысқанда сен он бес - ақ жаста едің, Мен де сонда өзгеше едім, басқа едім. Тұрдың үнсіз дәл алдымда мөлтілдеп, Мөлдір көзден үзіліп түскен жас па
8 наурыз аналар мерекесіне арналған тақпақтар 8 наурыз аналар мерекесіне арналған тақпақтар
Ардақты ана – аяулы ана қымбаттым, Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың. Өміріме нәрін бердің ақ сүттің, Кең құшағың – аясындай гүл бақтың
Балғожа бидің баласына жазған хаты Балғожа бидің баласына жазған хаты
Үміт еткен көзімнің нұры балам, Жаныңа жәрдем берсін құдайтағалам; Атаң мұнда анаңмен есен - аман, Сүйіп сәлем жазады бүгін саған.
Сен үшін сонау алыстардағы елес ем Сен үшін сонау алыстардағы елес ем
Сен үшін сонау алыстардағы елес ем, осынша мені арман қып келдің неге сен. «Сыртыңнан сүйіп жүретінімді сезуші едің ғой» демесең, мен саған ғашық
Сен бе едің? Сен бе едің?
Көтерілмей жүргенде еңсем менің, Армандадым, біреуді көрсем дедім. Біреу маған алыстан қолын созған, Қолын созған қамқоршым, сол сен бе ёдің?
Жылқышының үйінде Жылқышының үйінде
- Түн түнерді, ұйықтады ауыл, Сорлы, бейбақ, атаң қайда?.. - Боран мынау, туды дауыл, Апатайым, атам қайда?..
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×