ойын сауық отауы
Сен менің жанарыма жас тұндырып
06.05.2016 1 823 0 Дауыл

Сен менің жанарыма жас тұндырып

Өлеңдер
Фариза Оңғарсынова өлеңі

Сен менің жанарыма жас тұндырып,
өзгеге көңіл кілтін аштың күлігі.
Ошаққа отырғызып кетті мені
әне бір ұзын бойлы ақсұр жігіт.
Мен қалдым шыр айналып қу далада,
жете алмай арман болған ну жағаға.
Сезгендей сүлдерімнен бір сұмдықты,
көз алмай көп қарады туған ана.
Жаншылдым, жанартаудай биік едім,
жоқ енді сүйенерім, сүйінерім.
Мен үшін қызығы да, қайғысы да -
бәрі бір секілді бүл дүниенің.
Мен келіп тұр едім
сіздің үйдің жанына тағы.
Ішпей, маспын.
Жалғыз білерім -
жүрегі құрғыр жалын атады.
Отыра кеттім дірілдеп тізем,
аймалап тұрды сені сол жігіт.
Енді мен қалай күнімді өткізем,
оралар деген өшті соңғы үміт.
Сезімім мұнша алданар деп пе ем,
желге ұшып менің гүлім бүр атқан.
О, өмір - ай, алдамшы ең неткен,
кеше күлдіріп, бүгін жылатқан.
Сен отырсың бұл түні
аймалатып басқаға.
Мендік наз бен күлкіні
қидың ба оған? Масқара!
¥сындың ғой шайды оған,
ішші дедің қиылып.
Бақыт шашып айналаң,
жүрегің де жиі ұрып.
Ол ғой көзден нұр ұшып,
отыр демнен тұншығып.
... Мен жатырмын құнысып.
О, өткінші тіршілік!
Келіп ем толып - тасып,
ұрмай - ақ жығып кеттің:
жігітпен қол ұстасып,
үйіңе кіріп кеттің.
О баста мені, жаным,
несіне үмітті еттің?..
Дел - сал боп есігіңде
тұрмасам, түңілмес ем.
Әзір ем кешіруге,
сен шығып: "Күнім!" - десең,
Әйтеуір, алдандың - ау
өткінші бір үнге сен...
Сейілмей тұман қайғым,
сенделіп түн өткердім.
Есітіп тұрғандаймын
дүрсілін жүректердің.
Сездің ғой жүргенімді -
сен қалай дір етпедің?
Бір жағып, бір өшірдің
шамыңды, қас қылғандай.
Мен содан түгесілдім,
балтамен басқа ұрғандай.
Шынымен құшағыңды
сол итке аштың ба, Алла - ай?!.
Не болып кетті дүние!
Айрылғаным ба сенен мен?!
Дүние быт - шыт. Жүрегім дал - дұл келем мен.
Сен болсаң, жаным, отырсың жат бір құшақта.
Көзіммен көрдім.
Әйтпесе, жұртқа сенер ме ем.
Тек мендік деуші ем гүл ернің.
Өзгені шындай сүйді ме ол балқып, елжіреп?
Жарылып кетпей, қалай - ақ тұрсың сен, жүрек?!
Орадың ба сен өзгені мендік білекпен,
оған да айттың ба: "Арманым бүгін келді!"
- деп?
Сол үйдің сыртын таң атқанша мен шарладым,
самайда шашым селдіреп
(оны тек мені келемеш қылған жел білед).
Қалшылдап тұрдым
қаңтардағы аяз қысқандай,
бойымды билер денемде титтей күш қалмай.
Көз алдымда да, көңілімде де - жалғыз сен,
дүниенің бәрі дұшпандай.
... Есігіңді әлде соқсам ба солқылдатып мен,
тұрсам ба сосын оған да саған тіс жармай?..
Қайтермін енді...
Тумайды басқа көгімде менің сендей Күн.
Өзіңсіз мен бір тартылыссыз қалған Жердеймін.
Өмірдей сиқыр сезімдер барда жалғанда,
тірліктің қатал заңдарынан өтер көнбей кім?
Есалаң болдым. Үмітке алданған мен сорлы
дәл менше соның сүйетініне әлі сенбеймін.

Мен сонда жылап қалғам Мен сонда жылап қалғам
Мен сонда жылап қалғам. Сен сезбедің. Кетті ұшып жыраққа арман. Мұның бәрі неліктен? Білесің сен - өзіңді ұнатқаннан; сосын, сосын жүргеннен ұмыта
Сағынып оралар ма ем Сағынып оралар ма ем
Сағынып оралар ма ем алыс жолдан жеткенше асық болып, сен бар - ау деп шаттықтан тасып - толып, дүниеде көзіне басқаны ілмей,
Жүрсем деймін көңіл шат, гүлді алаңдай Жүрсем деймін көңіл шат, гүлді алаңдай
Жүрсем деймін көңіл шат, гүлді алаңдай, жанарыма, жаныма мұң қамалмай. Жақтырмайды біреулер, менің үнім желкесін тырнағандай.
Әке туралы ой Әке туралы ой
Бесікте жаттым уілдеп, сол бір сұрапыл соғыс күндерде, қан кешіп біздің әкелер сонау батыста жырақ жүргенде.
Пушкинмен қоштасу Пушкинмен қоштасу
Ал енді қоштасайық, сардар аға. Мен ертең кетем ұшып сардалама, Қыранның қырандығы - кең далада, Қыранның қырандығы - тауда ғана.
Жолдасқа Жолдасқа
Әй, әй, жолдас, жас жігіт Қиқу салған, лепірген, Кетті ме әлде жын соғып, Аузын, мұнша көпірген!
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×