ойын сауық отауы
Еш нәрсеге, ешкімге алаңдамай
01.02.2016 2 614 0 Дауыл

Еш нәрсеге, ешкімге алаңдамай

Өлеңдер
Фариза Оңғарсынова өлеңі

Еш нәрсеге, ешкімге алаңдамай
жүруші едім, кезіктім саған қалай?
Қалай таптың сен мені, бұл әлемде
жол сілтеген кім саған маған қарай?
Сені итерген мен жаққа не күш кенет,
(ойлап қалдым зымиян келіс пе деп)
түсіңе аян берді ме әлде саған
ертегілер елінен періште кеп?
Мен жайлы айтқан кім екен: бұлақ па екен,
мұңымды айтып кейде оған жылап кетем,
сыбырлаған самал ма сайда жүр деп
жетім көңіл, жаны дерт бір ақ бөкен?
Түсті ме әлде Күн көзі жанарыңа,
жанарыңмен мен жаққа қарады ма?
Ұйықтап жатқан шағыңда саусағыммен
Айдың нұры шашыңды тарады ма?
Қалай таптың, білмедім. Ісім де жоқ.
Алаулады тұншыққан ішімдегі от.
Жанарыңнан қаймықтым, сосын сені
көретінді шығардым түсімде көп.
Талай жанмен - әрқайсысы жеке жарық -
жолықтырып мені өмір өтер ағып.
Бұл кездесу, білгенім, еркімізден
тыс күштердің бұйрығы екені анық.

Жақсы көру Жақсы көру
Өмірің таңдай болса арайлаған, қатыгез қараулыққа жолай ма адам? Біреуді жақсы көрген қандай жақсы - нұрланып кетеді екен бар айналаң!
Күнде үйге асығасың Күнде үйге асығасың
Күнде үйге асығасың... Түсінбес ата - ана ма - несіне жасырасың, айтып қой апаңа да.
Анамен қоштасу Анамен қоштасу
Анажан, егілме сен, елжіреме, жас құсың қанат қақты енді міне. Аттасам алыстағы қиырларға, жүр екен әлде неғып деп жүдеме.
Сандуғаш Сандуғаш
Кеудеме сандуғаш құс түнеді ме – шақырды мені мәңгі Күн еліне. Әуені тыншытпайды, әлде әнші құс ұясын салды ма екен жүрегіме?
Жарым Жарым
Кердең - кердең жүресің сен, не таптың? Мен айтайын - айнымайтын жар таптым. Күндіз - түні жар қойнында жатамын, Естімеймін уын - шуын жан - жақтың.
Жан жарымды бір сүйейін түсімде Жан жарымды бір сүйейін түсімде
Тұтқын болып, тысқа шығып жүре алмай, Зарықтым ғой, жан жарымды көре алмай, Осы күнде алтын сәулем нағып жүр, Қандай күйде, қайда екенін біле алмай.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×