ойын сауық отауы
Орамал
02.05.2016 2 272 0 Дауыл

Орамал

Өлеңдер
Мағжан Жұмабаев

Қасірет батты жаныма,
Уға толды жас жүрек.
Орамалды жарыма
Бітірем қашан кестелеп...
Күз сарғайтты қайыңды,
Мен де бірге сарғайдым.
Қара бұлт жауып айымды,
Жылаймын, күйем, зарлаймын.
Толып қалды төрт айға,
Күйікпенен күн өтті.
Жарымды өкіріп отарба
Қанды жаққа әкетті
Елін ойлап қамығып,
Жүрегі толып дерт - шерге,
Жүр екен жаным жабығып
Осы күні қай жерде?
Жарқ - жұрқ сансыз көзі бар,
Бейне жынның ұясы,
Ың - жың, у - шу сөзі бар,
Түсірмес жарық қиясы.
Жылы жүзді жаны жоқ,
Қалада жүдеп жүр ме екен?
Жақыны жоқ, жары жоқ,
Жалған оған көр ме екен?
Солдатша сымдай киініп,
Шекпені оның сұр ма екен?
Күрегіне сүйеніп,
Суықта жаурап тұр ма екен?
Жатқан шығар ор қазып,
Жауға ма әлде өзіне.
Бұрыла алмай бой жазып,
Қайғы шығып жүзіне...
Қасірет батты жаныма,
Уға толды жас жүрек.
Орамалды жарыма
Бітірем қашан кестелеп?..
Орала берме, жібегім,
Тезірек жүрші, сен де, біз.
Сенсің қымбат керегім,
Алақандай ақ бәтес.
Қайғыдан өлсем, арман жоқ,
Ақиреттік жолдасым.
Көзімде жас қалған жоқ,
Кестеге сіңді бар жасым.
Орамалды алып сорлыңнан,
Көзіңе жасыңды іріккенде,
Күрсініп ауыр, сәулемжан,
Көзіңді ақырын сүрткенде.
Жасаған ие, тілегім:
Аралассын жасқа жас.
Орала берме, жібегім,
Сенсің жаным, ақ бәтес.
Қасірет батты жаныма,
Уға толды жас жүрек.
Орамалды жарыма
Бітірем қашан кестелеп?..

Сен ұнатпады екен, деп... Сен ұнатпады екен, деп...
Сен ұнатпады екен, деп Дәрменім құрып жүрген жоқ. Салған жоқ жара жаныма, Алған жоқ, сірә, іргемді от.
Еш нәрсеге, ешкімге алаңдамай Еш нәрсеге, ешкімге алаңдамай
Еш нәрсеге, ешкімге алаңдамай жүруші едім, кезіктім саған қалай? Қалай таптың сен мені, бұл әлемде жол сілтеген кім саған маған қарай?
Р... ға Р... ға
Сенсің досым, жібек мінез Жібегім, Сені ғана сүйем - куә жүрегім. Суық жолдан сақтайтын сен - періштем, Сен болмасаң, азып - тозып өлемін.
Зар Зар
Күз жетіп, жердің жүзі солғын тартса, Алтын күн нұры кеміп, салқын артса, Жер жүзі өлім күтіп тұрса жылап Сексенде селкілдеген байғұс қартша.
Жан жарымды бір сүйейін түсімде Жан жарымды бір сүйейін түсімде
Тұтқын болып, тысқа шығып жүре алмай, Зарықтым ғой, жан жарымды көре алмай, Осы күнде алтын сәулем нағып жүр, Қандай күйде, қайда екенін біле алмай.
Батқан күн, атқан таңның жыры Батқан күн, атқан таңның жыры
Алтын күн батып барады, Күйдіріп көктің жиегін. Құралай көзді қарағым, Болдың ба иіріп жібегің?
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×