
Қоштасарда
Өлеңдер
Фариза Оңғарсынова өлеңі
Қоштасарда
Қоштасу кезі келгенде
жаутаңдап маған қарадың.
"Жүрмейсің бірге сен неге?"
Дегендей болды жанарың.
Елжіреп тұрды жас жүрек,
жеңе алмай күшін сезімнің.
Кеудеме жалын түсті кеп
жаныңдай ыстық өзіңнің.
Перронға шықтың, қарадың,
тұрсың ба мені қия алмай?
Сыр ашпай қалай қаламын,
"сәулешім" дер ме ем ұялмай?!
Айта алмай қалдым. Жалынға
өртеніп кеудем тұрды - ау бір...
Қалды да қойды жанымда
жауғалы тұрған бір жаңбыр.
Қоштасарда
Қоштасу кезі келгенде
жаутаңдап маған қарадың.
"Жүрмейсің бірге сен неге?"
Дегендей болды жанарың.
Елжіреп тұрды жас жүрек,
жеңе алмай күшін сезімнің.
Кеудеме жалын түсті кеп
жаныңдай ыстық өзіңнің.
Перронға шықтың, қарадың,
тұрсың ба мені қия алмай?
Сыр ашпай қалай қаламын,
"сәулешім" дер ме ем ұялмай?!
Айта алмай қалдым. Жалынға
өртеніп кеудем тұрды - ау бір...
Қалды да қойды жанымда
жауғалы тұрған бір жаңбыр.

Сен мені шынымен осы сағынбайсың ба, оған да от болып беріліп жалындайсың ба? Оны да мендей елжіреп, аймалайсың ба, оны да іздеп, төзе алмай,

Лүпілдей соқты жас жүрек, еркелеп назбен қарадым. "Поезда - ақ хатты жазшы?!" - деп, елжірей қалды жанарың.

Таң бұзып тынышымды жіберді деп, жазғы түн кетерінде түнерді кеп. Жер - ару серпігенде түн көрпесін, маужырап қарап тұрды Күн елжіреп.

Көк белдерге шық тұнғанда, Шықтым бір күн далаға. Күнмен бірге шықтың алдан, Шықтың алдан, жан - аға.

Сұқтанып тұрып жанарың, Сұрыма неге қарадың? Солай да, солай, қарағым, Отыздан асып барамын.