ойын сауық отауы
Сен мені күтпе ешқашан. Алаңдама
01.03.2016 2 237 0 Дауыл

Сен мені күтпе ешқашан. Алаңдама

Өлеңдер
Фариза Оңғарсынова өлеңі

Сен мені күтпе ешқашан. Алаңдама.
Өзіңді айыптама, жамандама.
Жүрегің мен деп соқса,
басу үшін
бәрін де маған жама.
Мен соның барлығын да көтеремін.
Сені әзір аймаласын бөтен ерін,
бәрібір саған титтей тыным бермей,
ішіңді күйдіреді от өлеңім.
Сен мені басқаларға қорлап ем де,
тыншырмын көңіл қалып сонда мен де.
Мені ойлап жараланған жүрегіңді,
білсең де жазылмасын, зорлап емде!
Өзіңді, өзгені де алда солай
(көмілсін менде ертерек шаңға самай),
қаншама жанталасып тырысқанмен,
жүрегің мені аңсаудан қан - жосадай.
Мен жайлы мүңайма сен дара қалып
(әлі ұзақ қайғы болам саған анық!).
Ұқ бірақ: бірімізге атқан оқтан
қаламыз екеуіміз де жараланып.

Өмірдің желе - жортағы
Өмірдің желе - жортағы
толтырып шаңмен қолқаны,
тілдегенменен ортаны,
адамның бәрі өлердей
жалғыз қалудан қорқады.
Тұрса да мәңгі шам жанып,
самайы терлеп, сандалып,
біреуді іздейді қарманып,
жалғыз қалғанда
сөнердей
дүниедегі бар жарық.
Жалғыздық бейне жаман бай,
қамшымен қақтап сабардай,
мысық пен итке адам бай,
жабырқау жалғыздығыңнан
құтқарып солар қалардай.
Талпындың, адам, қашанда
көппенен ғұмыр жасарға,
қаншама тыпырласаң да,
қолында қатқыл құрығы
серігің тұрар тасаңда.
Жан - жағың толы жас бала,
жақының, жарың, жақсы аға,
кенде еместейсің досқа да,
бәрібір, адам, құлсың сен
жалғыздық атты патшаға!

Мирас Жүгінісов - Әндетемін Мирас Жүгінісов - Әндетемін
Әндетемін сені сағынғанда, теңесемін әппақ атқан таңға. Жүрегімнің жарып шыққан әні бол. Мейірімге толы өмір мәні бол. Болшы, жаным, бол жақын жаныма.
Байлық Байлық
Байлық - ай, сенің ызаң өтті - ау маған, Не қылдым өшігерлік, жаным, саған? Мені көрсең жирендің, теріс қарап, Әкеңнің менде құны бардан жаман.
Өзіңді жерлеп келіп, жапа - жалғыз отырмын Өзіңді жерлеп келіп, жапа - жалғыз отырмын
Өзіңді жерлеп келіп, жапа - жалғыз отырмын. Меңіреумін. Айналамда қыстыққан еңіреулі үн...
Жұрт мені қатал дейді Жұрт мені қатал дейді
Жұрт мені қатал дейді найзағайдай мінезі шатырлаған, біреулері айтады ақыл маған: өркөкірек, тәкаппар, менменсіген...
Еш нәрсеге, ешкімге алаңдамай Еш нәрсеге, ешкімге алаңдамай
Еш нәрсеге, ешкімге алаңдамай жүруші едім, кезіктім саған қалай? Қалай таптың сен мені, бұл әлемде жол сілтеген кім саған маған қарай?
Мен саған сыр айтамын Мен саған сыр айтамын
Мен саған сыр айтамын: біреулердің қайтеміз құр айтағын, сезе тұрып қайғысын соңындағы; білеміз ғой - қателік со жылдағы,
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×