ойын сауық отауы
Телефоны құрғырың үндемеді
06.05.2016 1 864 0 Дауыл

Телефоны құрғырың үндемеді

Өлеңдер
Фариза Оңғарсынова өлеңі

Телефоны құрғырың үндемеді -
оятпады мазалап түнде мені.
Шырт ұйқыдан тұрғызып сүйіктім кеп
кетеміз, жүр демеді.
Ақ айдынға тоғытып жыр - кемені,
желмен ұшып жанымның мұң - желегі,
ағыстармен алысар арман сәттер
ұмытты мүлде мені.
Жақындатпай, алдырмай ой қамалы,
үміт, ыза - жиылып бойға бәрі,
арман оты жарқылдап жанарымда
найзағай ойнамады.
Азаптың да рақат бар мұңдары,
сені сағынғаным да - жанның нәрі.
Осы бір сәт тыныштық болса игі еді
дауылдың алдындағы!

Сүйші мені, сүй мені, сүйіктім - ау! Сүйші мені, сүй мені, сүйіктім - ау!
Сүйші мені! Сүй мені! Сүйіктім - ау! Жылуы жоқ жандардан күйіппін - ау. Теңіздейін сезімің тамшы болып, Жүрегіме кетсінші сиып мынау.
Өзіңнен басқа - Рүстем Нұржігіт Өзіңнен басқа - Рүстем Нұржігіт
Өзіңнен басқа - Рүстем Нұржігіт
Айдан ару нәрсе жоқ. Базар жырау Айдан ару нәрсе жоқ. Базар жырау
Айдан ару нәрсе жоқ, Түнде бар да, күндіз жоқ. Күннен ару нәрсе жоқ, Күндіз бар да, түнде жоқ.
Мен сонда жылап қалғам Мен сонда жылап қалғам
Мен сонда жылап қалғам. Сен сезбедің. Кетті ұшып жыраққа арман. Мұның бәрі неліктен? Білесің сен - өзіңді ұнатқаннан; сосын, сосын жүргеннен ұмыта
Сағынып оралар ма ем Сағынып оралар ма ем
Сағынып оралар ма ем алыс жолдан жеткенше асық болып, сен бар - ау деп шаттықтан тасып - толып, дүниеде көзіне басқаны ілмей,
Кейде есер көңіл құрғырың Кейде есер көңіл құрғырың
Кейде есер көңіл құрғырың, Махаббат іздеп талпынар. Ішем деп бейнет сусынын, Асау жүрек алқынар.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×