Сүйші мені, сүй мені, сүйіктім - ау!
Өлеңдер
Сүйші мені, сүй мені, сүйіктім - ау!
Сүйші мені!
Сүй мені!
Сүйіктім - ау!
Жылуы жоқ жандардан күйіппін - ау.
Теңіздейін сезімің тамшы болып,
Жүрегіме кетсінші сиып мынау.
Жүрегімнен мұнартқан мұң сығып ап,
Құшақташы, қалайын тұншығып - ақ.
Сіңіп кетіп жейдеме жұпар иісің,
Аңқып қана бойымда тұрсын ұзақ.
Құшақташы!
Құмарым қансын менің!
Ұқсамайтын басқаға жансың,- дедім.
Жақын келші, сезейін тынысыңды,
Баурап қана бойымды алсын демің.
Сағыныппын!
Өлердей сағаныппын!
Сені ғана іздеппін сабылып мың.
Қайта келдің, мың шүкір, өміріме,
Кеш те болса қасыңнан табылыппын.
Құшақташы!
Құш, мейлі, дем жетпесін!
Басқа жанға жүрегім көнбес тегін.
Қадіріңді білмеппін бір кездері,
Бала болдым, ол кезде он бесте едім.
Үмітімнің сан жалғап бақтым жібін,
Желпілдемей қажытты - ау ақ түндігім.
Жылдар өтті арадан,
Сол кездегі
Сезім отын тағы да жақтым бүгін.
Сүйші мені!
Сүй мені!
Сүйіктім - ау!
Жылуы жоқ жандардан күйіппін - ау.
Теңіздейін сезімің тамшы болып,
Жүрегіме кетсінші сиып мынау.
Санжар Ғұлама
Сүйші мені!
Сүй мені!
Сүйіктім - ау!
Жылуы жоқ жандардан күйіппін - ау.
Теңіздейін сезімің тамшы болып,
Жүрегіме кетсінші сиып мынау.
Жүрегімнен мұнартқан мұң сығып ап,
Құшақташы, қалайын тұншығып - ақ.
Сіңіп кетіп жейдеме жұпар иісің,
Аңқып қана бойымда тұрсын ұзақ.
Құшақташы!
Құмарым қансын менің!
Ұқсамайтын басқаға жансың,- дедім.
Жақын келші, сезейін тынысыңды,
Баурап қана бойымды алсын демің.
Сағыныппын!
Өлердей сағаныппын!
Сені ғана іздеппін сабылып мың.
Қайта келдің, мың шүкір, өміріме,
Кеш те болса қасыңнан табылыппын.
Құшақташы!
Құш, мейлі, дем жетпесін!
Басқа жанға жүрегім көнбес тегін.
Қадіріңді білмеппін бір кездері,
Бала болдым, ол кезде он бесте едім.
Үмітімнің сан жалғап бақтым жібін,
Желпілдемей қажытты - ау ақ түндігім.
Жылдар өтті арадан,
Сол кездегі
Сезім отын тағы да жақтым бүгін.
Сүйші мені!
Сүй мені!
Сүйіктім - ау!
Жылуы жоқ жандардан күйіппін - ау.
Теңіздейін сезімің тамшы болып,
Жүрегіме кетсінші сиып мынау.
Санжар Ғұлама
Жалғыздық дей ме...
Жалғыздық дей ме... Қорқа ма кімдер? Үрки ме? Мен болсам тіпті үйреніп қалғам бұл күйге. Әйтсе де, құрғыр, бұл жалғыздықтың ешқашан, Төнбесе деймін
Кешір, мені!
Жеңдіре алмай ақылға ашуымды, Әбжыландай шашыппын, рас, уымды. Енді сені көргенде қыпылықтап, Бой көрсетпей, қарашы, қашуымды.
Сүйдіремін, деп жүріп...
Сүйдіремін, деп жүріп жалықтырып алыппын, Сағындырам, деп жүріп, ұмытылып қалыппын. Мың құбыла беретін машақаты мың дастан, Махаббаттың бітпейтін
Сүйіпсің мені...
Сүйіпсің мені, Мен,- дедім,- неткен бақытты ер, Арнапсың жаухар жырыңды "маржан - жақұт", дер. Өмірімді ойран еткен опасыз бір жан бар, Көңілімді
Ayree Ойладың ба? Ayree - Oıladyń ba?
Әлемнің сан түрлі бояуына Іштегі сезімдер боялды ма? Сен мені бүгін бір ойладың ба? Ойладың ба? Ойладың ба?
Телефоны құрғырың үндемеді
Телефоны құрғырың үндемеді - оятпады мазалап түнде мені. Шырт ұйқыдан тұрғызып сүйіктім кеп кетеміз, жүр демеді.