ойын сауық отауы
Гүлдер семіп барады
17.11.2019 24 233 1 Бона

Гүлдер семіп барады

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаевтың өлеңі

Жер ылғалын, күн нұрын көріп толып,
Бал араға бар нәрін беріп болып,
Күннен күнге дерт жеңген нәрестедей
Гүл сарғайып барады семіп, солып.

Көрік кеткен лала гүл, раушаннан,
Жапырағын, сабағын қырау шалған.
Сумаңдаған ұрыдай суық жел тұр,
Жабырқаған гүлдерге лаң салған.

Ажарымен қоштасып, алаңымен,
Гүлдер семіп барады, сабағымен.
Түгі кетіп, жарғаққа айналған ба
Көздің жауын алатын дала - кілем?

Күнде көрсең тұратын күнде өртеніп,
Гүлдер сөніп барады,
Гүлдер сөніп.
Гүлдер семген,
Сарғайған да мұнда,
Гүлсіз көркі шамалы қаланың да!
Сабағынан үзілген гүл раушан
Жазды әкетіп барады жанарында.

Кейде кемшіліктің де пайдалы тұсы болады. Кейде кемшіліктің де пайдалы тұсы болады.
Бір қарт әжей күнде шелегін алып суға барады екен. Ол үйге жеткенше судың жартысын ғана әкеледі екен. Себебі оның екі шелегінің бірінің түбі аздап
Өс, Ұлан! Өс, Ұлан!
Сау болсын десең Он екі мүшең - Ерте тұр! Құлақ түр, Тыңда сыр. Жапырақтар жырлар, Гүлдер сыбырлар.
Өледі кімдер, туады кімдер Өледі кімдер, туады кімдер
Өледі кімдер, туады кімдер, Батады күндер, шығады күндер. Семеді гүлдер, өседі гүлдер, Келеді күндер, көшеді күндер.
Жұлдыздар сөніп барады Жұлдыздар сөніп барады
Жұлдыздар сөніп барады Айналып келді батқан күн, Жығылды түннің жалауы. Алауын бақпай ақ таңның,
Жалаң аяқ қыз Жалаң аяқ қыз
Төпеп тұрған нөсерге қарамай - ақ, Бір қыз кетіп барады жалаң аяқ. Жалтыраған әдемі топылиын, Кім біледі, жауыннан барады аяп.
Ас бөлмеде өсіретін гүлдерді дұрыс таңдау және күтіп баптау Ас бөлмеде өсіретін гүлдерді дұрыс таңдау және
Ас бөлмесіндегі гүлдер де барлық гүлдер секілді ерекше күтімді қажет етеді. Сонымен қатар, ас бөлмесінде гүлде орналастыруда да, бірнеше ережелер бар:
Пікірлер (1)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Сабина
#1 Сабина Қонақ 26 қараша 2018 11:52
Өте керемет, бұл өлең сондай керемет жәе әсерлі маған қатты ұнады
×