ойын сауық отауы
Сұлтанмахмұт Торайғыров - Алаш ұраны
24.05.2019 5 502 0 Дауыл

Сұлтанмахмұт Торайғыров - Алаш ұраны

Өлеңдер
Сұлтанмахмұт Торайғыров
АЛАШ ҰРАНЫ

Алаш туы астында,
Біз алаштың баласы.
Күніміз туып көгерді,
Сарыарқаның даласы.
Құрт аурудай жайлаған,
Құртпаққа бізді ойлаған,
Қанымызға тоймаған,
Қолымызды байлаған,
Ерімізді айдаған,
Елімізді лайлаған.
Жерімізді шимайлаған,
Өшті залым қарасы.
Жасасын, алаш, жасасын!
Алаш туы астында,
Қолдайтын алаш бабамыз.
"Туысқандық", "теңдік" деп,
Туын қолға ап шабамыз.
Берілгенде тілектер,
Жарылмай ма жүректер?!
Заң жасайтын орынға,
Жұртпен бірге барамыз!
Қатардан орын аламыз!
Жасасын, алаш, жасасын!
Алаш туы астында,
Куә болсын арымыз.
Көркейтуге алашты,
Құрбандық біздің жанымыз!
Былай тұрсын малымыз,
Алаш деген ел үшін
Сарыарқаның жері үшін,
Бостандық берген ер үшін,
Төгілсін біздің қанымыз!
Аялмасын жанымыз!
Жасасын, алаш, жасасын!
Алаш туы астында,
Өлсек бірге өлдік біз.
Не жақсылық, не қайғы,
Көрсек бірге көрдік біз!
Ішкі жанжал таласты,
Күншілдікпен қарасты,
Мына жерге көмдік біз!
Жасасын, алаш, жасасын!
Алаш туы астында,
Күн сөнгенше сөнбейміз.
Енді ешкімнің алашты,
Қорлығына бермейміз!
Адамдықтың жолына,
Бастаған ерлер соңыңда,
Басқаға көңіл бөлмейміз,
Қандай шайтан келсе де,
Алдауына көнбейміз.
Өлер жерден кеттік біз,
Бұл заманға жеттік біз!
Жасайды алаш, өлмейміз!
Жасасын, алаш, жасасын!

"Бүйрек" салт "Бүйрек" салт
Соғым сойғанда үлкенге сыбаға жіберу, соғым басына шақыру ежелгі жақсы дәстүрлердің бірі.
Халық туралы мақал - мәтелдер Халық туралы мақал - мәтелдер
Халық туралы мақал - мәтелдер Халық сөзі қаһарлы Аты — алаш, керегесі — ағаш. Естімеген елде көп, Есек мінген сартта көп.
Жұман біздің жасасын Жұман біздің жасасын
Күн жайдары жаз еді, Қайғымыз жоқ басқадай. Ауыл маңы саз еді, Ортасында тоспа бар.
Дастархан басында Дастархан басында
Селдетіп өткен тасқындай Серпіліп біраз асасың, Сергітіп кеткен мас қылмай, Сейілді күндер жасасын!
Түркістан Түркістан
Түркістан — екі дүние есігі ғой, Түркістан — ер түріктің бесігі ғой. Тамаша Түркістандай жерде туған Түріктің Тәңірі берген несібесі ғой.
Мен жастарға сенемін Мен жастарға сенемін
Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты – Қырандай күштi қанатты. Мен жастарға сенемiн!
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×