ойын сауық отауы
Ана
20.09.2016 1 890 0 Дауыл

Ана

Өлеңдер
Бейнеуім - жырдың бесігі.
Елге танылған қаламгер марқұм Әбдібек Жаманбаев Бейнеу өңірі азаматының соңында қалған мұралары. Шығармалардың көпшілігі газет - журналдарда болмаса, бұрын - соңды баспа бетін көрмеген, кітапқа енбеген тың дүниелер.
Кітапты құрастырушы Жауғашты Наренбайұлы.

Ана
Дүниеде ер жігіттің өлгені арман,
Кәдірсіз ай далада көмгені арман.
Мехнатты, қайғылы - қасіретті,
Бәрінен дүниеге келген арман,

Ер жігіт ақ өліммен өлгенінде,
Сыз төсек қара жерге көмгеніңде,
Жалғыз - ақ сорлы ананы аяймын мен,
Еске алып жақындарын тергенімде.

Басқа құшар, күлер - ойнар сүйген жары,
Ұмытар жақын деген достың бәрі.
Дүниеде ұмытпайтын жалғыз - ақ сол -
Ананың көкірек жарған қайғы зары.

Аяныш емес ердің қара басы,
Таяныш емес қалған қарындасы.
Дүниеде ең аяныш естен кетпес -
Тамшылап сорлы ананың аққан жасы!

Қараймын кебеженің өрнегіне,
Дариға - ай бұл кебеже көрмеді ме?
Көмескі оның сарғыш бояулары,
Ұқсайды анам жайған жөргегіме.

Есіме түсіремін сол бір жайды,
Естелік жүректі әркез тоңдырмайды.
Сықырлап сол кебеже ашылғанда,
Жастық шақ өтіп кеткен қол бұлғайды.

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Боранқұл селосы,Опорный орта мектебінің
3 «ә» сынып оқушысы Дарханқызы Айерке

Дүниеге жар. Қасым Аманжолов өлеңі Дүниеге жар. Қасым Аманжолов өлеңі
Ей, тәкаппар дүние! Маған да бір қарашы. Танисың ба сен мені? Мен – қазақтың баласы!
Жырласам ба екен Жырласам ба екен
Жырласам ба екен, жыласам ба екен, білмеймін, Алдымда тұрған адамды мынау кім деймін?! Алдымда менің адасып кеткен арман тұр, Жылатсам ба екен,
Сағат Сағат
«Шық - шық!» деп соғып тұр Тоқтаусыз бұл сағат. Дүниеде неғып тұр Адамзат бір сағат! Сорлы адам туғанда, Сұм жалған көңілі шат.
Өткен – аяулы Өткен – аяулы
Cap дала бейне өлік сұлап жатқан, Көбіндей ақ селеулер бетін жапқан. Тау да жоқ, орман да жоқ, өзен де жоқ, Сәуле емес, қан шашып тұр күні батқан.
Жаралы жан Жаралы жан
Cap дала бейне өлік сұлап жатқан, Көбіндей ақ селеулер бетін жапқан. Тау да жоқ, орман да жоқ, өзен де жоқ, Сәуле емес, қан шашып тұр күні батқан.
Тұтқын (М. Д.- ға хат) Тұтқын (М. Д.- ға хат)
Кеудеде – от, iште – жалын, көзде – жас, Күнi-түнi қайғы жұтқан сорлы бас. Сабан төсек, дым, қараңғы жатағы, Наны қара, шайы қара, қарны аш.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×