ойын сауық отауы
Дүниеге жар. Қасым Аманжолов өлеңі
04.09.2018 1 921 0 Дауыл

Дүниеге жар. Қасым Аманжолов өлеңі

Өлеңдер
Дүниеге жар
Ей, тәкаппар дүние!
Маған да бір қарашы.
Танисың ба сен мені?
Мен – қазақтың баласы!
«Тағы жұрт» деп тағы да
Танымассың, білмессің.
Өйткені мен қазақпын,
«Англичанин» емеспін.
Танисың ғой сен оның
Өзінен бұрын мылтығын.
Дәріптейсің қасиетін,
Адамы түгіл, итінің.
Мен де оны бір кезде
Етігінен танығам.
Қадай басып өкшесін
Далама кеп қаңғыған.
«Тағы» дейтін халқымды,
Дозақ дейтін даланы.
Кен қазам деп көр қазып,
Ақтаратын моланы.
Жылап жатса бір қазақ,
Күлуші еді - ау ол әлі!
Соның бәрі сұрқия
Сұм патшаның әлегі.
Екі аяқты аң патша
Көп батырды шеңгелін.
Сар далада сарғайдым,
Қасіретпен шөлдедім.
Мынау қара көзімнен
Сансыз дария жас ақты.
Өз етімді өзіме
Кесіп алып асатты.
Айтып, айтпай не керек,
Не көрмеді бұл қазақ!
Дүние бүгін ұялар,
Айтпа, ойбай, аузың жап.
Сорлы емес ем ежелден,
Қаралы едім, зарлы едім.
Ұялушы ем өзге елден,
Намысты едім, арлы едім,
Есе тиер, енші алар
Ел болсам деп ойлаушы ем.
Қазақпын деп айта алар
Мен болсам деп ойлаушы ем.
Тәкаппар дүние төріне
Емін - еркін шықсам - ау.
Айтқанымды тыңдатып,
Айтқандарын ұқсам - ау
Деп ойлаушы ем, сол болды,
Арманыма жеттім мен.
Үдере жорттым, жол болды,
Тау төңкердім екпінмен.
Енді мені менсінбес
Европаның қай елі?
Қарсы келсем – құшақтар
Қаратпайтын әйелі.
Сорлы негр қара боп
Туғанына жазықты.
Тәкаппарсың дүние,
Көп қорладың аз ұлтты.
Қатарластың бірақ сен,
Аз дегенің көп екен.
Көміп кетер көпшілік,
Көп кешікпес күні ертең.
Бола бермес дүниеде
Күнде жанжал, күнде шу.
Жауып кетер жер бетін
Жалғыз ғана қызыл ту.
Сол қызыл ту астында
Күн келбетті қазақпын.
Отар емес телмірген,
Азаматпын, азатпын.
Енді сірә, дүние,
Танисың ғой мені сен.
«Танысамын соғысып»
Деп ойлама тегі сен.
Төрт құбылаң түгел сай
Қорқытпайды соғысың.
Жетпіс қабат қорғандай,
Батысымда – орысым.
Шымдай болат киінген
Шұғылалы шығысым.
Тас түлектей түйілген
Қырғыз, якут туысым.
Қазақ деген атымды.
Өшіре алмас ешбір жау!
Төбесінен, тиіссе,
Төңкерілер Алатау.
Аумағы мол алыппын,
Кең - ді менің құшағым.
Британия аралын
Қолтығына қысамын.
«Тағы» емеспін тағы айтам,
Адаммын - ды бұрыннан.
Адаммын деп жылағам,
Адаммын деп қырылғам.
Тәкаппар ұлы дүние!
Қазақ деген – мен деймін.
Мылтығыңды ұсынба.
Қолыңды ұсын, кел деймін!
1940, Алматы.
Қасым Аманжоловтың өлеңдерін қарау

Тіл туралы жыр - Сәкен Иманасов Тіл туралы жыр - Сәкен Иманасов
Діннен емес, тілден алған үлесін, Қазақ деген халық барын білесің, Сондай елдің үлымын деп өзің де шаршы топқа шалқая бір кіресің.
Нұрлы дүние. Қасым Аманжолов өлеңі Нұрлы дүние. Қасым Аманжолов өлеңі
Нұрлы дүние, шіркін дәурен, Ойлаймын ғой сені ылғи. Көкейімнен кетпей сәулең, Көкірегімде толқиды күй.
Жаз дидарлы жас ана. Қасым Аманжолов өлеңі Жаз дидарлы жас ана. Қасым Аманжолов өлеңі
Жаз дидарлы жас ана, Жаныңды тос әр күйге. Жасара түс, жасара, Бөбегіңді әлдиле.
Сұрап жатса досыма жан беремін. Бек Ноғайбайұлы Сұрап жатса досыма жан беремін. Бек Ноғайбайұлы
Аспайтын өзен едім бір арнадан, Досқа да, дұшпанға да жыр арнаған. Дұшпанды мақтамасам, даттамаймын, Бір жақсылық бір күні қылар маған.
Жұрт мені қатал дейді Жұрт мені қатал дейді
Жұрт мені қатал дейді найзағайдай мінезі шатырлаған, біреулері айтады ақыл маған: өркөкірек, тәкаппар, менменсіген...
Қойшының әләуләйі Қойшының әләуләйі
Әләуләй, әләуләй, әләуләй! Ылғи ет жеп жүреді елде болысың - ай. Ылғи ғана құйрық пен бауыр жер едім, Егер ғана мен де болсам ауылнай, ауылнай.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×