
Сағат
Өлеңдер
Мағжан Жұмабаев
«Шық - шық!» деп соғып тұр
Тоқтаусыз бұл сағат.
Дүниеде неғып тұр
Адамзат бір сағат!
Сорлы адам туғанда,
Сұм жалған көңілі шат.
Көз ашып тұрғанда,
Көрінер оған жат.
«Шық - шық!»- деп жүз шытар,
Есіктен кірместен.
Сорлы адам тез жытар,
Дән рақат көрместен.
Мінекей, бұйырып тұр
Бұл сағат деп: «Шық - шық!»
... мойның бұр,
Сен де шық, сөзін ұқ.
«Шық - шық!» деп соғып тұр
Тоқтаусыз бұл сағат.
Дүниеде неғып тұр
Адамзат бір сағат!
Сорлы адам туғанда,
Сұм жалған көңілі шат.
Көз ашып тұрғанда,
Көрінер оған жат.
«Шық - шық!»- деп жүз шытар,
Есіктен кірместен.
Сорлы адам тез жытар,
Дән рақат көрместен.
Мінекей, бұйырып тұр
Бұл сағат деп: «Шық - шық!»
... мойның бұр,
Сен де шық, сөзін ұқ.

Қорға қазақ тілге туды сын сағат, Тарихынан алмаса оңар кім сабақ. Мемлекеттік мәртебесі бар тілің, Шетке үнемі қағылуда күн санап.

Талапсыз сорлы - «ойлаған», Ойға терең - «бойлаған», Есалаң, уға - «тоймаған», Қажып бір ойын - «қоймаған».

Сорлы қазақ жан алқымға тығылып, Қара күн кеп, тіккен туы жығылып, Алға баспай, біткен ісі кер кетіп, Нәр тата алмай, күшсіз, әлсіз бүгіліп;

Талайсыз, бақсыз мен сорлы, Бір ісім оңға бармаған. Мен не жаздым о ғұрлы, Тәңірі мұнша қарғаған?

Кеудеде – от, iште – жалын, көзде – жас, Күнi-түнi қайғы жұтқан сорлы бас. Сабан төсек, дым, қараңғы жатағы, Наны қара, шайы қара, қарны аш.