ойын сауық отауы
Туған өлкем
02.10.2016 25 796 0 Дауыл

Туған өлкем

Өлеңдер
Ө. Тұрманжанов 1905 жылы 15 желтоқсанда Бөген ауданындағы «Жалғызағаш» ауылында туған. Ташкентте N14 жетім балалар үйінде тәрбиеленді. Мәскеуде Шығыс еңбекшілері Коммунистік университетінде оқып білім алды.
Ауыз әдебиетінің белгілі зерттеушісі, көрнекті ақын Ө. Тұрманжанов Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды.
Ө. Тұрманжанов 1978 жылы Алматы қаласында дүние салды.

Балалар ақыны Өтебай Тұрманжановтың өлеңдері
Туған өлкем
Көгінде күн нұрын төккен,
Жерінде гүл жұпар сепкен.
Неткен сұлу, неткен көркем!
Осы менің туған өлкем!
Алтын дәнді даласы бар,
Ақ күмістей қаласы бар.
Неткен сұлу, неткен көркем!
Осы менің туған өлкем!
Түлігі өскен алуан - алуан,
Төс, алқабы малға толған.
Неткен сұлу, неткен көркем!
Осы менің туған өлкем!
Ер еңбегі шалқып, тасқан,
Ел еркіндеп бақыт тапқан.
Неткен сұлу, неткен көркем!
Осы менің туған өлкем!

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы
Боранқұл селосы, Боранқұл орта мектебі
4 сынып оқушысы Бозаев Мейрамбек
Мұғалімі Нурекешова Тойган


Өтебай Тұрманжановтың өлеңдері

Нан қиқымын шашпаңдар Нан қиқымын шашпаңдар
Нан – ардақты адал ас Кәрі, жас одан аттамас. Ақ дастархан үстінде, Қол жумай оны ұстамас.
Ай мүйізді ақ қошқар Ай мүйізді ақ қошқар
Ай мүйізді ақ қошқар. Аппақ жылы тоны бар, Ақ тақтайдай жоны бар. Маңдайында дөңі бар, Мойнында меңі бар.
Өс, Ұлан! Өс, Ұлан!
Сау болсын десең Он екі мүшең - Ерте тұр! Құлақ түр, Тыңда сыр. Жапырақтар жырлар, Гүлдер сыбырлар.
Тікен - гүлін қорғайды Тікен - гүлін қорғайды
Терек - бүрін қорғайды, Тікен - гүлін қорғайды, Ара - балын қорғайды, Құлан - қағын қорғайды,
Кел, балалар, күлейік! Кел, балалар, күлейік!
Кел, балалар, күлейік! Күлкіменен түлейік! Қабақ түйген не керек? Көңілді боп жүрейік.
Көктем келді гүл алып Көктем келді гүл алып
Балалар - ау, балалар! Шақырады далалар. Көктем келді гүл алып, Құстар келді жыр алып.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×