ойын сауық отауы
Осы – біздің Оңтүстік
02.10.2016 3 063 0 Дауыл

Осы – біздің Оңтүстік

Өлеңдер
Балалар ақыны Өтебай Тұрманжановтың өлеңдері

Осы – біздің Оңтүстік

Қауашағын қақ жарған,
Ақ мақтасы - ақ маржан.
Алмасы аппақ ақықтай,
Жүзімі бар жақұттай.
Түні салқын, күні ыстық,
Осы – біздің Оңтүстік.
Қарбызы бар келідей,
Қауыны аттың беліндей.
Асқабағы аяқтай,
Пиязы бар табақтай.
Түні салқын, күні ыстық,
Осы – біздің Оңтүстік

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы
Боранқұл селосы, Боранқұл орта мектебі
4 сынып оқушысы Бозаев Мейрамбек
Мұғалімі Нурекешова Тойган


Өтебай Тұрманжановтың өлеңдері

Нан қиқымын шашпаңдар Нан қиқымын шашпаңдар
Нан – ардақты адал ас Кәрі, жас одан аттамас. Ақ дастархан үстінде, Қол жумай оны ұстамас.
Мен дәрігер боламын Мен дәрігер боламын
Ақ халатты киемін, Аппақ болып жүремін. Аппақ болып жүргенді Өзім жақсы сүйемін.
Ай мүйізді ақ қошқар Ай мүйізді ақ қошқар
Ай мүйізді ақ қошқар. Аппақ жылы тоны бар, Ақ тақтайдай жоны бар. Маңдайында дөңі бар, Мойнында меңі бар.
Тікен - гүлін қорғайды Тікен - гүлін қорғайды
Терек - бүрін қорғайды, Тікен - гүлін қорғайды, Ара - балын қорғайды, Құлан - қағын қорғайды,
Кел, балалар, күлейік! Кел, балалар, күлейік!
Кел, балалар, күлейік! Күлкіменен түлейік! Қабақ түйген не керек? Көңілді боп жүрейік.
Көктем келді гүл алып Көктем келді гүл алып
Балалар - ау, балалар! Шақырады далалар. Көктем келді гүл алып, Құстар келді жыр алып.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×