ойын сауық отауы
Менің арманым
27.09.2016 6 682 0 Дауыл

Менің арманым

Өлеңдер
Ескен Елубаевтың өлеңі

Асық атып,
Доп қуған
Қалды менен ойындар.
Нағыз батыр боп туған
Ер атанбақ ойым бар.
«Пайда жоқ қой, одан»,- деп
Тастап қысыр ойында.
«Батыр бала болам»- деп,
Түйдім өзім ойымды.
Қойдым ләңгі тебуді,
Қойдым асық атуды,
Доп та ойнай беруді,
Жайбарақат жатуды.
«Жүрсін елдер таң қалып,
Жүрем елден ерек боп»-
Деп бекіндім, қамданып,
«Ерлік жасау керек»- деп.
Мың отырып,
Мың тұрып,
Алдым әбден шынығып,
Ертелі кеш жүгіріп,
Суға жүздім құнығып.
«Енді, міне, жетті»- деп
Ерлік жасар кезең де.
Таң ата сап кеттім де,
Бардым үлкен өзенге.
«Суға батқан біреуді - ақ
Аңдып, бағып тұрайын.
«Құтқар»- десе дереу – ақ,
Жүзіп алып, шығайын»-
Кездім бойын өзеннің,
Ешкім:
«Құтқар» демеді.
Ерлік жасар кезеңнің
Бір реті келмеді.
Күнде ертемен барамын,
Бойын кезіп жағаның.
Батқан жоқ па?
Қарадым,
Ерлік жасар баламын.
Құтқарғам жоқ, алайда,
Күте - күте шаршадым.
Қайткен күнде,
Қалайда,
Ерлік жасау аңсарым.
Аңдып өзен бойында
Әлі күнге жүрмін мен.
Ерлік жасау ойымда -
Қиын бірақ, білдім мен.

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Боранқұл орта мектебі
Маханұлы Қуаныш
Мұғалімі: Мендигазиева Гүлжихан

Ескен Елубаевтың басқа өлеңдері

Себеп Себеп
Алдым бүгін «екілік». Ойламап ем сұрар деп. Қорықпаймын, Жекіріп, Сонда да апам ұрар деп.
Ерлікті кім жасаған? Ерлікті кім жасаған?
Біз қашаннан тек жүр ек: «Қайсысымыз батырмыз, Қайсысымыз ер жүрек? Деп дауласып жатырмыз.
Шекарашы Шекарашы
Камчаткада таң атса, Балтық жақта күн батқан. Солтүстікке қар жатса, Оңтүстікті гүл жапқан.
Ұя Ұя
Наурыз келді, қыс кетті, Күн шуағын құяды. Топ – тобымен құс кепті, Жасау керек ұяны.
Жаңылтпаштар №3 Жаңылтпаштар №3
Маңдайың жіпсіп. Тер шықса шып - шып. Теріңді сықшы, Сүртіп шықшы.
Өзендер Өзендер
Ән туады мұраттан, Ой туады сұрақтан, Небір үлкен өзендер басталады бұлақтан.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×