ойын сауық отауы
Өзендер
29.07.2016 2 929 0 Дауыл

Өзендер

Өлеңдер
Мұхтар Шахановтың өлеңі

Өзендер
Ән туады мұраттан,
Ой туады сұрақтан,
Небір үлкен өзендер басталады бұлақтан.
Бірақ соның барлығы жете алмайды теңізге,
Жоғалтады өзді-өзін, түседі де көп ізге.
Өмір кейде тым қатал, өмір кейде тұйықтау,
Кей өзеннің жолына бөгет болды биік тау.
Небір асау, асығыс, шулы өзендер ақ тарлан,
Ағып-ағып барған да, құмға сіңіп жоқ болған.
Жолсыздық пен жөнсізді жалықты көз көруден,
Құтқар анау өзенді құмға сіңіп елуден.
Құтқар анау аққуды сол өзеннен жеруден,
Ағын судан зерігіп, шалшық суға сенуден.
Өзен болу үлкен сын,
Бақыт емес ол да аса,
Теңізге ағып баруға мүмкіндігің болмаса.

Өмір маған... Өмір маған...
Өмір маған кейде тау сияқты, Шыңына шыққым келеді.
Менің арманым Менің арманым
Асық атып, Доп қуған Қалды менен ойындар. Нағыз батыр боп туған Ер атанбақ ойым бар.
Арна Арна
Күз, саладан, сайлардан ұмтылып алға өзендер жатыр бұрқанып, өр екпінімен жолсыз жақтарға бұлтарып. Кедергілерді келеке еткендей айбынмен
Достыңыз зор, дұспаның қор Достыңыз зор, дұспаның қор
Достыңыз зор, дұспаның қор, Бар тiлекке жетсеңiз. Сансыз бақыт, алтын тақыт, Барша жаннан өтсеңiз.
Достық пен махаббат Достық пен махаббат
Өзендер мен көлдердің, Көлден шалғай шөлдердің, Биіктер мен алыптардың, Жылулар мен жарықтардың арасын
Барлығы да менікі Барлығы да менікі
Барлығы да менікі: Мына дәуір, мына өмір, Мынау аспан, мына күн. Мына мұхит, мына жер - Мына менің тұрағым.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×