ойын сауық отауы
Ерлікті кім жасаған?
27.09.2016 1 507 0 Дауыл

Ерлікті кім жасаған?

Өлеңдер
Ескен Елубаевтың өлеңі

Біз қашаннан тек жүр ек:
«Қайсысымыз батырмыз,
Қайсысымыз ер жүрек?
Деп дауласып жатырмыз.

Мұндайда кім тартынбақ,
Айтылатын жер бүгін.
Айтып жатыр әркім – ақбастан өткен ерлігін.

Мараттың бір жасаған
Ерлігі бар анада.
Каникулға босаған
Жаз шығатын шамада.

Атасына болысып,
Жүретін - ді қой бағып.
Итіменен алысып,
Қалған екен алданып.

Қойға қасқыр шауыпты,
Шыға келіп бүйірден.
Жыртқыш қой ол қауіпті
Бір қапталдан шүйілген.

Марат атқа міне сап,
Тура шапқан қасқырға.
Тұра қашқан біле қап,
Ол албасты басқыр да.

Бірге ілесіп қалмаған
Ит те қуған «айт» десе.
Әттең, жете алмаған
Әйтпесе ғой, әйтпесе!

1Қора қойды қасқырға
Алдырмауы батырлық
Жыртқышты бір састырған,
Ерлікке бұл татырлық».

Кезектегі ендігі
Бойы биік ерекше,
Батырханның ерлігі
Бұдан гөрі ерекше.

Атасы мен анасы
Барарында қонаққа
Үйде жалғыз қалады,
Дайындалып сабаққа.

Түннің орта кезінде
Олар үйге қайтады
Ал оның өзінде
Қорықпастан жатады.

«Үйде жалғыз қалғаны,
Атына сай батырлық,
Жүрек жұтқан болғаны
Ерлікке бұл татырлық».

Ал Асхат ше, қасапшы
Әкесіне болысқан,
Қолғабыс та жасапты,
Қаншама қой сойысқан.

Тіреуге асып, байлап ап,
Еппен ірей бастапты.
Мүшелеп боп, жаймалап,
Тұзда сеуіп тастапты.

«Қорықпай қой сойғаны,-
Дедік, - нағыз батырлық».
Жүректілік ол – дағы,
Ерлікке бұл татырлық

«Кім, кім ерлік жасады?»-
Деп отырмыз әлі біз.
Тыңдағанда Асанды
«Ер ғой», - дедік бәріміз.

Жаз бойы үй салғалы
Бес мың кірпіш құйыпты.
Тез кепсін деп бері - бәрі,
Сатылап ол үйіпті.

«Жаз жұмыспен алысқан,
Ісін адам сүйерлік.
Үй ішіне болысқан,
Бұл да ерлік, шын ерлік».

Ал бақыттан балалар
Үлкен ерлік күткенбе?
Ол төбеттен қабаған
Қаймықпапты тіптен де.

Оны көрсе ит деген
Шықпайды екен інінен
Қорқады екен «тит» деген
Сүрепеті, түрінен

Ал Жақанның айтқаны,
Ерлік емес, есерлік
Ешкімге де ол жақпады,
Қылығы оғаш десерлік.

Көршісінің бақшасын
Күніменен бағыпты.
Қарайып күн батқасын
Жемістерін қағыпты.

Тыңдаушылар саспадық,
Жүректі деп қарамай.
Батыл айтып тастадық,
Батырлыққа санамай...

Жүрексініп аса тым
Есен айтты ақырын:
«Операция жасаттым,
Ісі ме ол батырдың?»

Соқырішек болғанда,
Дәрігерге ол барыпты.
Ішін жарып сойған да,
Ішегін кесіп алыпты.

Бұл ерлік пе, емес пе,
Білмей қалдық бәріміз
Алған сайын соны еске,
Дал боп жүрміз әлі біз...

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Боранқұл орта мектебі
Маханұлы Қуаныш
Мұғалімі: Мендигазиева Гүлжихан

Ескен Елубаевтың басқа өлеңдері

Кешкі сурет Кешкі сурет
Атасы айтты: - Қарғам,- деп Жігіт болып қалған, - деп Кем болмайды қайткенде Әке тілін алған,- деп.
Себеп Себеп
Алдым бүгін «екілік». Ойламап ем сұрар деп. Қорықпаймын, Жекіріп, Сонда да апам ұрар деп.
Қызғаныш Қызғаныш
«Айналайын бала», - деп, Мақтайды анам Асанды «Өзіңдей ғой, қара, - деп,- Не тіршілік жасайды.
Талап пен атасы Талап пен атасы
Шілде келді, Алапта Пісіп қалды шүйгін шөп, Атасы айты Талапқа: - Шөп шабуға жүргін, - деп
Сылтау Сылтау
Жарысқанда балалар Қосылды оған Жарқын да. Жүгіруге жарамай, Қалып қойды артында.
Пима Пима
Байқамақшы болдым да, Сияр, я симасын, Атам үйде жоғында Киіп едім пимасын.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×