ойын сауық отауы
Барлаушы - мен
28.09.2016 1 464 0 Дауыл

Барлаушы - мен

Өлеңдер
Ескен Елубаевтың өлеңі

Майын алмай,
Сықпа қып
Жасаған, еһ,
Құрт қандай?
Аузымыздан су ағып,
Жүйкемізді құртқандай.

Ши сөренің үстіне
Оны жайып қоятын.
Сездірместен ешкімге
Күн туар ма тоятын?

Үш – төрт бала келісіп,
Сол құрттарды аңдыр ек.
Сәті түссе бөлісіп,
Тамсанар ек «дәмді» - деп.

Құртты қашан жаярын,
Барлаушымын, білемін,
Қай мезгілде қоярын -
Бақылап та жүремін.

«Әкел дейміз
Көп алып,
Нар тәуекел еткесін».
«Ал мен кеттім»-
Деп алып,
Теріс киіп кепкесін,

Тамға Айдар шығады,
Қарауылға мен тұрып,
Дәл мысықша бұғады,
Етпеттеп ол ентігіп.

Қалған бала бұқпалап,
Тосып тұрар бұрышта
Құртты алған соң тықпалап,
Бөлісеміз туыстай.

Қалтамызға толтырар,
Сары құрттың дәмі бал.
Қарауылға мен тұрар
Өзінше оның гәбі бар.

Амал,
Айла
Көп ебі,
Барлаушыңның - біріміз,
Біздің үй ғой, себебі,
Құрт ұрлайтын үйіміз.

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Боранқұл орта мектебі
Маханұлы Қуаныш
Мұғалімі: Мендигазиева Гүлжихан

Ескен Елубаевтың басқа өлеңдері

Кешкі сурет Кешкі сурет
Атасы айтты: - Қарғам,- деп Жігіт болып қалған, - деп Кем болмайды қайткенде Әке тілін алған,- деп.
Себеп Себеп
Алдым бүгін «екілік». Ойламап ем сұрар деп. Қорықпаймын, Жекіріп, Сонда да апам ұрар деп.
Өзен Өзен
Тау басынан, Құздардан, Тасты соғып Бұза алмай, Тау өзені Келеді, Ойнақтаған
Аязды күні Аязды күні
Далада аяз, қашан ғана тыншиды? Мұрынды бір, Құлақты бір шымшиды. Үйде Асан ыстық көже іше алмай Шек – қарны шұрылдайды, сыңсиды.
Пима Пима
Байқамақшы болдым да, Сияр, я симасын, Атам үйде жоғында Киіп едім пимасын.
Тұраптың ұсынысы Тұраптың ұсынысы
Ет астық біз, пісірдік, Бұрқыратып түсірдік. - Алыңыз, - деп, - алыңыз, - Жемек болдық бәріміз.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×