ойын сауық отауы
Бейнет - зейнет пернесі
26.09.2016 3 920 0 Дауыл

Бейнет - зейнет пернесі

Өлеңдер
Қадыр Мырза Әли өлеңі

Жігітке жиырма деп қараған кім?
Жігіт емес бәрі шаш тарағанның.
Туған күні тумайды ер,
Туады ол
Тұңғыш рет жұмысқа жараған күн.

Бір ұғудай ұғып - ақ алғам мұны,
Артық шығар марғаудан малдың құны.
Өлген күні өлмейді ер,
Өледі ол
Қолынан іс келмей бір қалған күні.

***
Жалқаулыққа жамбасың қайдан шыдар!
Жүйкең шіріп кетпей ме ойдан шұбар?!
Нағыз жаза – жұмысқа салу емес,
Нағыз жаза – жұмыссыз қалған шығар!

***
Көңілдестер әр түрлі ұлыстан бар,
Керемет қой үндемей ұғысқандар.
Күнде - күнде көруге уақыт болмас,
Күле отырып ішелік, туысқандар!

Саулығыма қуансын туысқандар,
Сана - сезім,
Сендерде де тыныстаңдар!
Бір дем алып алайын әйткенменен,
Демалдырмас алда әлі жұмыстар бар.

ШҚО, Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылы,
Ш. Уалиханов атындағы орта мектептің
11 сынып оқушысы Шағыманов Дарын

Мамыр Мамыр
Адам үшін жұбаныш Мамыр келді шуақты. Күннің ішін қуаныш Кернеп тұрған сияқты.
Не берсең де арнап бер Не берсең де арнап бер
О, тіршілік! Не берсең де арнап бер, Алтын балық ілінетін қармақ бер! Бақыт бер де, Бармақтай сол бақытты Басып тұрар батпандай бір салмақ бер!
Шындық Шындық
Ақындық шығар айыпты, Әлі білмен себебін. Өлеңге айтып қойыппын Өмірдің айтпа дегенін.
Студент Студент
Басталмаған қаланың дастаны әлі Бірінші жыл дала деп жас тамады. Бірінші жыл ауылы естен кетпей, Бесінші жыл қимайды астананы.
Бір үзім нан Бір үзім нан
Жал - жая ма? Қадірлеген атамыз. Коньяк па? Аздап дәмін татамыз. Бәрін қойып дастарханға, О тоба! Нан қоюды ұмытып кетіп жатамыз.
Домбыра Домбыра
Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл - пәл кем бұра. Нағыз қазақ – қазақ емес, Нағыз қазақ – Домбыра!
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×