ойын сауық отауы
Студент
26.09.2016 6 607 0 Дауыл

Студент

Өлеңдер
Қадыр Мырза Әли өлеңі

Басталмаған қаланың дастаны әлі
Бірінші жыл дала деп жас тамады.
Бірінші жыл ауылы естен кетпей,
Бесінші жыл қимайды астананы.

О жастық - ай, алмайтын өлмей тыным,
Ойын - тойсыз, өмірге көнбейтұғын.
Биге барса баратын бір топ болып,
Жалғыз жүру дегенді білмейтұғын.

Ғашық болсаң түн пана, терек пана,
Сұлу демі – дем емес – шарапхана.
Қызға барсаң кигенің – өзгенікі,
Өзіңдікі – жалғыз - ақ жүрек қана!

Өмір! Өмір! –
Деп жастық ұрандай ма,
Көкіректі кернейді бір ән майда.
Бір жігітке он қонақ мейрам күні,
Он жігітке бір билет трамвайда.

Алматымыз жастықтың бағы іспеттес,
Қаншама гүл сол баққа қоныс тепті.
Бір жігіттің ойында он арманнан,
Он жігітке жалғыз - ақ конспекті.

Тауысса да ақыры нандық пұлды,
Тартпай қойған серілік, сәндік кімді!
Түніменен дуылдап,
Келесі күн
Отырғаны сабақта қалғып - мүлгіп.
Керемет қой,
Қызық қой сезім деген,
Көктемде кім үйден безінбеген!
Он ай бойы масайрап ойнағандар
Емтиханда отыз күн көз ілмеген.

Содан кейін әлгіні ащысынбай,
Жұтып - жұтып жіберіп тұщы судай,
Туған жерге ұзатып тұрғандары
Бірін - бірі
Бір елдің басшысындай!

ШҚО, Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылы,
Ш. Уалиханов атындағы орта мектептің
11 сынып оқушысы Шағыманов Дарын

Жалғыз келдім бұл өмірге... Жалғыз келдім бұл өмірге...
Жалғыз келдім бұл өмірге, Жалғыз кетем, Өкпем жоқ! Рахмет саған бәрі үшін көптен-көп. Өмірімді бір жан үшін ойран қып, Көңілімді түсірмеймін
Ер болсаң, ем бол! Ел сүйсінер бел бол! Үмбетәлі ақынның батасы Ер болсаң, ем бол! Ел сүйсінер бел бол! Үмбетәлі
Ер болсаң, ем бол! Ел сүйсінер бел бол! Ер жүрек екпінді, Ел бастаушы сен бол!
Бейнет - зейнет пернесі Бейнет - зейнет пернесі
Жігітке жиырма деп қараған кім? Жігіт емес бәрі шаш тарағанның. Туған күні тумайды ер, Туады ол Тұңғыш рет жұмысқа жараған күн.
Александр Дюма және Астархан алабы Александр Дюма және Астархан алабы
Бір сәт шықпай ойынан Бұйра толқын, Ақ жазық, Атыраудың бойынан Отыр Дюма хат жазып:
Тыныштық Тыныштық
Тып - тыныш боп тұратындай әманда, Тыныштықты ұқпай қалдым табанда. Табиғатта дөңбекшу жоқ, Діріл жоқ, Суретке бір түсетұғын адамдай
Жалғыздық туралы мақал мәтелдер Жалғыздық туралы мақал мәтелдер
Жалғыздың үні шықпас, Жаяудың шаңы шықпас.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×