ойын сауық отауы
Орал
26.10.2016 1 628 0 Дауыл

Орал

Өлеңдер
Қасым Аманжолов өлеңі
Орал
Оралым, шықтың алдымнан,
Оралым менің, Оралым!
Қол созып қызыл вагоннан,
Үстіңнен өтіп барамын.
Оралым, сенің қойнында
Ойнақтап өткен жылдарым.
Жарқылдап Жайық бойында
Достармен сайран құрғамын.
Шағанның бойы көк шалғын,
Шалқамнан жатқам шаңқай түс.
Гүл болып менің құшағым,
Кеудеме қонған бұлбұл құс.
Өмірдің алтын кесесін
Тосқанмын айдың нұрына.
Кезгенмін Совет көшесін,
Кеудемді ашып құрбыма.
Сонау бір шетте сонау үй
Кетер ме, сірә, көңілден?
Алушы ед тартып мені ылғи
Махаббат, жастық лебімен.
Терезе алды - жас терек,
Тұр екен кімдер сүйеніп?
Жүр екен кімдер еркіндеп,
Жүрегін ұстап үйге еніп?..
Сағындым сені, Оралым,
Күндер жоқ бейбіт бұрынғы.
Келгенше қайтып оралып,
Алып қал осы жырымды.
Сіркіреп жаңбыр жауғанда
Байқарсың өзің анықтап.
Жаным бір жүзер ауаңда,
Ауанда сенің қалықтап.
Қош болшы енді, Оралым,
Күле бер шалқып, сайранда!
Айтпақшы, қайда бораның?
Кетейін алып майданға.

ШҚО Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылы,
Ш. Уалиханов атындағы орта мектептің
9 сынып оқушысы Рашитова Рашиля

Атамекен Атамекен
Сүйем сені туған ел - атамекен, Абзал анам сенсің ғой құшағың кең. Жер мен көктің жаннаты бір өзіңсің, Сенен артық не табам, қайда кетем.
Көктем Көктем
Сансыз көкек сұңқылдап, Көктем келді ертелеп, Нәзік үнмен сыңқылдап, Бұйра бұлақ еркелеп.
Құз Құз
Қабағын түйіп құз тас тұр Төңірегіне парық caп. Шыңында шулап құстар жүр Айнала ұшып шарықтап.
Қарағанды Қарағанды
Бір жер бар Қазақстан даласында, Құрбыжан, апарайын, барасың ба? Арқаға Алатаудан ақиықтай Бір ұшсам, болат топшым, таласың ба!
Қарашаш Қарашаш
Институтта жүр оқып Қазақ қызы Қарашаш. Оқы, оқы, қарындас, Туған елге білім шаш.
Жылдарым менің, жылдарым Жылдарым менің, жылдарым
Жылдарым менің, жылдарым Жазылмай қалған жылдарым. Айтылмай жүрген сырларым, Ақтармай жүрген мұңдарым, Жылдарым, қайран, жылдарым.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×