ойын сауық отауы
Қараша, желтоқсан мен сол бір - екі ай
26.12.2015 23 334 0 Жайна

Қараша, желтоқсан мен сол бір - екі ай

Өлеңдер
Қараша, желтоқсан мен сол бір - екі ай
Қыстың басы, бірі ерте, біреуі жәй.
Ерте барсам, жерімді жеп қоям деп,
Ықтырмамен күзеуде отырар бай.

Кедейдің өзі жүрер малы бағып,
Отыруға отын жоқ үзбей жағып.
Тоңған иін жылытып, тонын илеп,
Шекпен тігер қатыны бүрсең қағып.

Жас балаға от та жоқ тұрған маздап,
Талтайып қақтана алмай, өле жаздап,
Кемпір - шалы бар болса, қандай қиын,
Бір жағынан қысқанда о да азнап.

Кәрі қой ептеп сойған байдың үй,
Қай жерінде кедейдің тұрсын күйі?
Қара қидан орта қап ұрыспай берсе,
О да – қылған кедейге үлкен сыйы.

Қар жауса да, таңбайды бай баласы,
Үй жылы, киіз тұтқан айналасы.
Бай ұлына жалшы ұлы жалынышты,
Ағып жүріп ойнатар көздің жасы.

Бай үйіне кіре алмас тура ұмтылып,
Бала шықса асынан үзіп - жұлып,
Ық жағынан сол үйдің ұзап кетпес,
Үйген жүктің күн жағын орын қылып.

Әкесі мен шешесі баланы аңдыр,
О да өзіңдей ит болсын, азғыр, азғыр.
Асын жөндеп іше алмай қысылады,
Құрбысынан ұялып өңшең жалбыр.

Жалшы үйіне жаны ашып, ас бермес бай,
Артық қайыр артықша қызметке орай.
Байда мейір, жалшыдан бейіл де жоқ,
Аңдыстырған екеуін, құдайым - ай!

Алса да аяншақтау кедей сорлы,
Еңбек білмес байдың да жоқ қой орны.
Жас бала, кемпір - шалын тентіретпей,
Бір қыс сақта, тас болма сен де о құрлы.

Жақсылық құдайдан қайтады Жақсылық құдайдан қайтады
Ертеректе өзен жағасында жұмыс істеп жатқан бір шаруа өзенде ағып бара жатқан бір кішкентай баланы көріп, жалма - жан суға секіріп түсіп, баланы
Туған елдің түтіні - Шөмішбай Сариев Туған елдің түтіні - Шөмішбай Сариев
Туған елдің түтіні де тәтті ғой, Тоңа ма деп таңы талай атты ғой. Қараша үйдің ұйып балдай қаймағы, Қанаттарын түтін түзу қақты ғой.
Бай мен кедейдің арасындағы негізгі айырмашылықтар. Бай мен кедейдің арасындағы негізгі
Нағыз бай адам, бәрін жоғалтса да өзгермейді.
Үй – іші, отбасы туралы мақал-мәтелдер №2 Үй – іші, отбасы туралы мақал-мәтелдер №2
Қатыны өлген Қызды ауылға қарап жылайды.
Арманым Арманым
Барлық адам баласы Өзіндей көрсе өзгені — Озбырлық өшіп қарасы, Өзімшілдік өлгені.
Қараша, желтоқсан мен сол бір - екі ай Қараша, желтоқсан мен сол бір - екі ай
Қараша, желтоқсан мен сол бір - екі ай — Қыстың басы бірі ерте, біреуі жәй. Ерте барсам жерімді жеп қоям деп, Ықтырмамен күзеуде отырар бай.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×