ойын сауық отауы
Қызыл әскер маршы - Иса Байзақов
01.09.2018 980 0 Дауыл

Қызыл әскер маршы - Иса Байзақов

Өлеңдер
Қызыл әскер маршы - Иса Байзақов

Біз арыстан - еңбекшілер қыраны,
Біздің ұран - лениншілдер ұраны,
Қаны қара жауыздарды қүртамыз,
Қызыл әскер - езілгендер қорғаны.
Кеңес туын мәңгілікке қорғаймыз,
Жанып тұрған нажағайдан таймаймыз.
Тасты құмдай ұсатамыз қайратпен,
Аштық, тоқтың, барлығына шыдаймыз.
Сұм байлардың қызғалдағы солғанша,
Бүкіл жерде социализм болғанша,
Неше мың жан құлдықтағы елдердің
Еңбегі өніп, жарық сәуле жанғанша.
Өнер, білім, қайрат, жігер бізде мол,
Жер де, көк те, су да, шөл де бәрі жол.
Қай патшаның қозғалса да байлары,
Өз қасында еңбекші тап, біздің қол.
Аттанамыз шықса байлар майданға,
Біз қорғанбыз, еңбек үшін туғанға,
Біздің мақсат әділ тұрмыс орнату,
Ленинизм жолыменен жиһанға.

Балалар - біздің болашақ. Қасым Аманжолов Балалар - біздің болашақ. Қасым Аманжолов
Балалар - біздің болашақ, Сүйсінеміз, сүйеміз. Бұл болашак тамаша - ақ! Болашаққа иеміз.
Соғыс Соғыс
Әскер жиып аттандық, Бекетай еді тұрағым. Айғайлап жауға тигенде «Ағатай беріш!» ұраным.
Қызыл ту Қызыл ту
Желбірей бер, Қызыл Туым айбынды, Сен бар жерде Білмейміз біз қайғыңды
Ана жыл әскер шығып, оңнан - солдан Ана жыл әскер шығып, оңнан - солдан
Ана жыл әскер шығып, оңнан - солдан Соғысып жердің жүзі қанға толған. Сол кезде Америка деген елде Уолдер Белдет дейтұғын бір бай болған.
Ажалсыз әскер Ажалсыз әскер
Патшалар сансыз шығын қылады, Дайындап соғыс үшін ғаскерін. Аямай бірін - бірі қырады, Ел алар оққа байлап жастарын.
Сөз иесінен Сөз иесінен
Ызыңдап ұшқан мынау біздің маса, Сап-сары, аяқтары ұзын маса: Өзіне біткен түсі өзгерілмес, Дегенмен қара, яки қызыл маса.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×