ойын сауық отауы
Өткен күндерге хат жаздым
01.02.2017 2 099 0 Дауыл

Өткен күндерге хат жаздым

Өлеңдер
Тұманбай Молдағалиев өлеңі

Өткен күндерге хат жаздым,
Өшіп қалмасын оты деп.
Іздейді, мүмкін, хат жазды
Арманға толы көкірек.

Тағдырым, мені жүдетпе,
Биіктеп ұшсын нар құсым.
Қартайған қайсар жүректе,
Жігіттің оты, бармысың.

Бітпеген әні, әуені,
Жігіт едім ғой мен күшті.
Бес жапырағым бар еді,
Бір жапырағым желге ұшты.

Құлатып алдым ай, күнді,
Жылады жаным еңіреп.
Көтерісті ауыр қайғымды,
Сүйеді елім мені кеп.

Найзағай соққан қарағай
Орманда осы аз ба, әттең.
Жаңа аяқтанған баладай
Жүремін құлай жаздап мен.

Елегізу. Тұманбай Молдағалиев Елегізу. Тұманбай Молдағалиев
Ұйқым қайда, құдай - ау, ұйқым қайда, Сыртта біреу жылай ма, сылқылдай ма, Көк теректер неліктен шулай қалды, Берілемін неліктен бір түрлі ойға.
Тай үйрету. Тұманбай Молдағалиев Тай үйрету. Тұманбай Молдағалиев
Атам ұстап асау тайды, тізгіндеп, Әкеп берді, мінсін бала біздің деп. Қарғып міндім, қыр көрсетіп достарға, Күнде мені жүретұғын жүз күндеп.
Ақылгөй ата әр үйде Ақылгөй ата әр үйде
Ақылгөй ата әр үйде, ақылын айтып сәбиге Күндегісінен биіктеп, күндегісінен кеңи ме? Жылындап шыққан жас ақын кезіккен жерде қол жайып, Жақсылық
Көктем Көктем
Күн жылына бастады, көктем келді, Ұнатамын бетімен өпкен желді. Шартылдайды найзағай көк аспанда, Салып жатыр қып - қызыл отпен белгі.
Қарлығашым, келдің бе, қаршығадан саумысың? Қарлығашым, келдің бе, қаршығадан саумысың?
Қарлығашым, келдің бе, қаршығадан саумысың? Аман - есен жеттің бе, айыр құйрық нау - құсым? Оралдың ба, тағы да өзің өскен ұяға, Оралдың ба,
Асығып алыс күндерге Асығып алыс күндерге
Асығып алыс күндерге, Бір белден асып, бір белге, Адасып қалмай бір жерде, Айсыз қара түндерде,
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×