ойын сауық отауы
Тай үйрету. Тұманбай Молдағалиев
05.03.2017 2 461 0 Дауыл

Тай үйрету. Тұманбай Молдағалиев

Өлеңдер
Тұманбай Молдағалиев өлеңдері

Тай үйрету
Атам ұстап асау тайды, тізгіндеп,
Әкеп берді, мінсін бала біздің деп.
Қарғып міндім, қыр көрсетіп достарға,
Күнде мені жүретұғын жүз күндеп.

Тай тулады, тулап бақты есіріп,
Шапты бір кез сар жазықта көсіліп.
Қаршығадай қатып қалдым үстінде,
Әлденеге ыза болып, өшігіп.

Көзі терлеп, екі езуі қанады,
Бастандықтан көп үміті бар әлі.
Тақымымнан босатпадым мен оны,
Көтерсем де еркелігін шамалы.

Асау бейбақ шауып - шауып, тоқтады,
Мойындады басқа түскен ноқтаны.
Екі аяқпен тік тұрды да, кісінеп,
Ең соңғы рет еркіндігін жоқтады.

Менің де екі алақаным қанады,
Көңілім сергек, кеудем күйіп, жанады.
Тайды үйретіп оралғанда ауылға,
Көп достарым іші күйіп қарады.
Жігіт болды, жаса бұған той, - деді,
Көрші - қолаң қошеметтеп сөйледі.
Атам ғана мақтаған жоқ:
«Тайыңды
Мама ағашқа мықтап байлап қой», - деді.
Тұманбай Молдағалиев басқа өлеңдері

Бәйшешек. Тұманбай Молдағалиев Бәйшешек. Тұманбай Молдағалиев
«Жер жылыды, сен де жылы» дегендей, Күннің ыстық шұғыласына бөленбей, Қар астынан қылтияды бәйшешек, Тұрмақшы боп ешбір көзге еленбей.
Жалғыз қайың. Тұманбай Молдағалиев Жалғыз қайың. Тұманбай Молдағалиев
Жалғыз қайың, сені көрсем, жабығам, Қайдағы бір өткенімді сағынам. Жалғыз тамшы жас жанардан төгілген, Жалғыз жапырақ ерте үзілген бағынан.
Қыран құс. Тұманбай Молдағалиев Қыран құс. Тұманбай Молдағалиев
Бақыттысың, қыран құс, Бақытыңда шек бар ма. Тағдырыңа айтасың ғой мың алғыс Аспан барда, көк барда.
Мың жасаған ағаш Мың жасаған ағаш
- Мың жасапты мына ағаш, Көпті көрген о да қарт. Қыз бен жігіт аралас Қарай қалдық тұра қап.
Күзгі жаңбыр Күзгі жаңбыр
Қоңырқай күздің аспаны Бүркенді бұлтты қап - қара. Нажағай ойнай бастады – Маңайда, алыс жақта да.
Көл жағасында Көл жағасында
Ай қарады көгілдір көл бетіне, Қыз қарады көлдегі келбетіне. Қосылды да, қос сәуле құшақтасты, Мөлдір толқын төсінде тербетіле.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×