ойын сауық отауы
Жаңа бата
05.03.2017 3 899 0 Дауыл

Жаңа бата

Өлеңдер
Тұманбай Молдағалиев өлеңі

Жаңа бата
Екі жастың әрқашан жолы болсын,
Жас өмір мерекеге толы болсын.
Соңынан екеуінің сәби ерсін,
Сәбиге берсін Дана тәрбиесін.

Ешқашан үйлерінен құт кетпесін,
Екеуді елі - жұрты құрметтесін.
Осы бір қол ұстасқан қалпыменен
Болашақ базарына бір беттесін.

Сыйласын халық атты қарындасын,
Меймандар үйлерінен арылмасын.
Жағалап жақсыларды жүрсін жастар
Бағалап іздеп келген бауырласын.

Ей, жастар, ертең сендер іргелі елсің,
Құдалар қуанышты бірге бөлсін.
Дайын боп бесік тойға қос құдағи
Тойдан соң жинап алсын бірден есін.

Қуаныш, шаттық елге ерер болсын,
Екі жас ен байлыққа егер болсын.
Келінді өз қызыңдай көргендерің
Құдайым тілегенін берер болсын.

Жақсылық екі жасты аяласын,
Келген күн жалғай берсін ай арасын.
Қыз жарын өз ұлындай көргендерден
Құдайым жақсылығын аямасын...

Тұманбай Молдағалиев басқа өлеңдері

Бата - тілектер: Алтын тойға бата, Күміс тойға бата Бата - тілектер: Алтын тойға бата, Күміс тойға
Қабыл ғып Алла тілекті, Қуанта берсін жүректі. «Алтын тойым болғай» деп, Тілеумен қанша күн өтті.
Қыз балаға берілетін бата Қыз балаға берілетін бата
Талдай бой берсін, Сұңғыла ой берсін. Жаздай жамал берсін, Нәркес жанар берсін!
Жас отауға бата Жас отауға бата
Сезімнің пәктігін берсін, Көңілдің ақтығын берсін. Берекелі отбасыңа Сәбидің шатты үнін берсін,
Жолаушыға бата Жолаушыға бата
Иә, Құдайым оңдасын, Оң жолына бастасын. Жортқанда жолың болсын, Жолдасың періштелер болсын.
Дәркембай ұстаның батасы Дәркембай ұстаның батасы
Ғажап талант берсін! Ғаламат талап берсін! Кеңдігің жеріңдей болсын! Мейірімің еліңдей болсын!
Құрбан айт батасы Құрбан айт батасы
А, Құдайым оңдасын, Оңдағанның белгісі, Қайырлы етіп басыңа. Бақ - береке орнасын.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×